• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2017

БҚО-да Жаңақала ауданының әкімі ауысты

457 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин ротациялау тәртібімен Жаңақала ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне жаңа басшыны таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Осыған дейін Жәнібек ауданын басқарған Н.Қ.Қарағойшин 1960 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981-1986 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында білім алды. 

1986-1987 жылдары - Жаңақала ауданы «Айдархан» совхозының аға зоотехнигі, 1987-1990 жылдары - Жаңақала аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1990-2003 жылдары - Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында басқарма төрағасы, бас зоотехник, директор, 2003-2010 жылдары - Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2013 жылдары - Қаратөбе ауданының әкімі, 2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2016 жылғы 30 мамырдан бері Жәнібек ауданының әкімі болды.