• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2017

6 шілдеден бастап Сібе көлдеріне автобус жүреді

308 рет
көрсетілді

Шырайлы Шығыс өңірінде демалыс орындары аз емес. Соның бірі – Ұлан ауданы аумағындағы Сібе көлдері.

Әсем табиғат аясындағы көлге жету бұған дейін демалушылар үшін біршама қиындық тудырып келген еді. Енді 6 шілдеден бастап «Өскемен – Сібе көлдері» бағытында автобус маршруты іске қосылатыны белгілі болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, автобустар Өскемен мен Шалқар көлі (үшінші Сібе көлі) аралығында күнделікті қатынайтын болады. Өскеменнен шығу уақыты сағат - 08:00, Сібе көлдерінен шығу уақыты сағат 18:00. Қосымша ақпаратты 8 (723) 270 02 25, 8(7233)827 159 телефондары арқылы алуға болады.

Азамат Қасым,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы.