• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Қазақстанның жетістіктері таныстырылды

624 рет
көрсетілді

Қазақстан парламентшілері мемлекетіміздің 20 жыл ішіндегі қол жеткізген табыстары туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшелеріне жан-жақты баяндап берді, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі. Хорватияның Дубровник қа­ла­сында өтіп жатқан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының кезекті күзгі отырысы шең­берінде болған бұл шарада Қа­зақстан ту­ралы бейнефильм көр­сетілді және ЕҚЫҰ ПА мүшелеріне елі­міздің табыс­та­ры жайлы фотосуреттермен көр­кем безендірілген кітап та­быс етілді. Осы жиында сөз алған Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков бақ қонып, ынтымағы жарасқан Қазақ елінің ішкі және сыртқы саясаттағы табыстары жөнінде әңгімеледі. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында атқарылған ауқымды істерге тоқталды. Қазақстандық делегация құ­рамында Мәжіліс депутаты Әм­зе­бек Жолшыбековпен бірге, Светлана Бычкова және сенаторлар Қуаныш Сұлтанов пен Әділ Ахметов бар.