• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Мәжіліс бюросының кезекті отырысы

303 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов­тың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шы­ғары­ла­тын мәселелер сарапқа салынды. Палатаның Қаржы және бюд­жет комитеті «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт ту­ра­лы» және «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларының депу­тат­тардың талқысына шығары­ла­тынын хабарлады. Сонымен қа­тар, еліміздің кейбір заңнамалық ак­тілеріне бюджет процесінде мем­лекеттік және бюджеттік жос­парлау жөніндегі уәкілетті органдар кұзыретінің аражігін ажы­рату мәселелері бойынша толықтыру­лар енгізуге қатысты заң жоба­сын екінші оқылымда жалпы оты­рыстың күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсы­нуы­мен «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­­ның Үкіметі мен Есірткі құ­рал­дарының, психотроптық зат­тар мен олардың прекур­сор­лары­ның заңсыз айналымына қар­сы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлес­ті­ру орталығы арасындағы Алматы қаласында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Ин­вестициялық бағдарлама – 4-жоба) ратификациялау туралы» заң жобалары да жалпы отырыста талқыға салынады. «Егемен-ақпарат».