• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2011

Астық тасымалына арналды

517 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың орталық ғимаратында компанияның пайдалану жөніндегі басқарушы директоры Қанат Әлмағамбетовтің төрағалығымен астық тасымалына қатысты кеңес өтті. Оған Көлік және коммуникация министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісімшарт» ҰК» АҚ, «Астық Одағы» компаниясы өкілдері мен астық тасымалдаушылар, экспедиторлар, сондай-ақ жүк жөнелтушілер қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Пайдалану жөніндегі бас­қарушы директоры Қ.Әлмағам­бетов­тің айтуына қарағанда, ұлттық компания қыркүйек айында өздеріне берілген тап­сыр­маны артығымен орындаған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде де, сырт­қа да астық тасымалдағанда оны ұн тү­рінде шығаруға барынша көңіл бөлу қа­жет­тігін ескерткен-ді. Осы бағытты ұс­тан­ған іскерлер қыркүйекте 228 мың тонна ұн өнімдерін тасымалдаған. Қыр­күйек­те белгіленген жоспарды асыра орын­даған теміржолшылар 764 мың тонна астық тиеген. Оның 521 мың тоннасы елі­міз аумағында тасымалданса, 243 мың тоннасы экпортқа шығарылған. Бұл айларда республикамыздың астық өнім­дерін Әзербайжан, Өзбекстан, Тә­жік­стан, Иран мемлекеттері тұтынды. Қазан айына жоспарлы тапсырма 806 мың тонна болып белгіленгенімен, оны 1 миллионға дейін жеткізу мақсат етілуде. – Ол үшін Ұлттық компания сырттан келетін вагон көмектерін, сондай-ақ бұ­рын­дары тәжірибеден өткізілгендей ас­тық вагондарын ғана күтіп отыра бермей, ел ішіндегі жақын аймақтарға ашық, жабық вагондарды да пайдалануға рұқсат беріп отыр. Оған қоса астықты қап­шық­тап та жеткізудің жолдарын қарастыра беріңіздер, – деген Қанат Әлмағамбетов астық тасымалдаушылардан қандай ұсы­ныс болса да қарауға әзір екендіктерін және ауа райының әлі де ашықтау кезінде барынша жедел қимылдау кезек күт­тір­мейтінін де назардан тыс қалдырмады. Астық тасымалдайтын вагондардың жетіспеушілігіне байланысты Үкіметтің шешімі бойынша қыркүйек- қараша ай­ла­рында алдымен республикаішілік бағдар­ларға бидай жеткізу керек. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ тапсырысымен облыстық әкімдіктердің арасындағы меморандумдық келісімдері бойынша осы аралықта 500 мың тонна астық тасымалдау қажет. Отандық астық тасымалдау кәсіпорындарына вагон жетіспеген жағдайда өздерінің вагон паркін пайдалану және ресейлік ком­пания­лар­дың вагондарын жалға алу жолы ұсынылды. Кеңес барысында жүк жөнелтуші­лер­ге және қабылдаушыларға астықты кестеде көрсетілгендей дер кезінде тиеп, белгіленген мерзімде түсіруге тапсырма берілді. Барлық астық жөнелтушілермен вагон иелері, экспедиторлардың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен ұйымдасқан түрде жұмыс жасау қажеттілігі тү­сіндірілді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.