• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 18 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді

413 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сұх­бат барысында рухани жаң­ғы­ру үдерісіне қатысты өзекті сұрақ­тар­ға жауап беріп, консти­ту­ция­лық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көр­месін өткізудің маңызды­лы­ғына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамы­тудың перспективалары және өңір­лердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.

 

Сурет Президенттің баспасөз  қызметінен алынды