• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Назарбаев университетіне қазақстандық көлік пайдаланылады

358 рет
көрсетілді

Астанада «Назарбаев Университеті» мен «Агромашхолдинг» АҚ отандық машина жасау кәсіпорны арасында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті. Екі жақ білім саласында, оның ішінде жоғары оқу оры­нының студенттеріне жұмысқа орналасуға және өндірістік тәжірибеден өтуге көмектесу арқылы өзара байланысты ны­ғайтуға ниеттеніп отыр. Сондай–ақ, «Агромашхолдинг» АҚ өкілдері жоғары оқу орнына сыйлық – Қос­танайдағы кәсіпорында шығарылған SsangYong Kyron жол таңда­май­тын көлігінің кілтін тапсырды. Біз осы отандық көлікті қа­­зақ­стандық студенттік ұжымға «шы­найы қуанышпен тапсырып жа­тырмыз! Біз осылайша жас ма­ман­­дарды ынталандырып, келешекте елімізді өркендететін да­рындарды өсіруге көмектесіп жат­­­қанымызға сенімдіміз. Осы сыйлықпен Назарбаев Универ­си­те­тінің оқыту­шы­ларына да алғы­сымызды білдіреміз, біз қазіргі таңда жоғары дәрежелі отандық көліктерді жасап қана қоймай, сонымен қатар, жоғары дәрежелі отандық білім алуға да мүмкіндік бар болғанын мақтан тұтамыз!», – деп мәлім­деді Андрей Лаврентьев, «АгромашХолдинг» АҚ-пен бірге Қос­танайда SsangYong оң­түстік­ко­рей­лік жол таңдамайтын кө­лік­терді құрастыруды ұйымдас­тыр­ған «AllurAuto» көлік компаниялар тобының бас директоры. Ықпалдастық туралы шешімді жоғары оқу орны мен «AllurAuto» тобының басшылары ұлттық білім саласы мен ғылыми-зерттеу жетістіктерінің келешегін артты­ру мақсатында қабылдаған. Назарбаев Университеті Атқа­рушы кеңесі төрағасының орын­басары Қадиша Дайрова мұндай бизнестің жауапкершілігін қоғам алдында көрсету экономиканың дұрыс және өркениетті дамуының белгісі болып табылады, деп айт­ты. Жоғары оқу орынының бас­шы­лығы AllurAuto үлгісінің отан­дық автоөнеркәсібінің болашағы жарқын болатынына сенімділік туғызатынын білдірді. Назарбаев Университетінің студенттері өндірістік тәжірибені топтың кәсіпорындарында өтеді, мамандықтарын көтереді және жаңа білім алады деп күтілуде. Оқу аяқталғаннан кейін сәйкес машықтар мен білім деңгейін иеленген түлектер топтың кәсіп­орындарында жауапты қызмет ор­нына үміттене алады. Назарбаев Университетіне сыйланған Ssang­Yong Kyron көлігі студенттердің білім арқылы сәттілікке жету ықыластарын ынталандырады. AllurAuto басшылығының ойын­ша, мамандандырылған кадрлар Қа­зақстанның машина жасау өн­ер­кәсібін дамытуға көмектеседі. AllurAuto көлік компаниялары тобы және «АгромашХолдинг» АҚ бүгінгі таңда жол таңда­май­тын 5 көлік үлгілерін шығарады: Rexton, Kyron, Actyon, New Acty­on және пи­кап Actyon Sports. Оң­түстік Корея маркасының қазақ­стандық кө­лік­терінің ұсақ торап­ты құрастыру (CKD) желісін шы­­ғару туралы ли­цензиялық келісімге Қ­азақстан жә­не Корея рес­­­публикалары прези­дент­терінің ұй­ғарымы нәтижесінде тамыз ай­ында қол қойылған. Ал одан ертерек, 4 шілдеде Елбасы Нұр­сұл­тан Наза­р­баевтың өзі Қос­­­­та­най­да «Ssang­­Yong» көліктерін құ­­­­­рас­ты­ру өн­­дірісінің желісін іске қосты. «Егемен-ақпарат».