• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Қазақстан Президентінің бастамасына қолдау

308 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапония Парламенті Өкілдер палатасы­ның депутаттары, «Жапония-Қазақстан» достық лигасының мү­шелері Такеши Шина, Наокадзу Такемото және Хироши Каваутимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы О.Мұха­мед­жанов өз сөзінде жаһандық қауіпсіздікті сақтауда маңызды орын алатын ең басты мәселе – ядролық қаруды таратпау жо­лын­дағы күресте Жапонияның ай­рық­ша үлес қосып келе жат­қа­нын айта келіп, Астана қала­сын­да өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқан­да­ры үшін жапондық әріптестеріне ризашылығын білдірді. Жапон парламентшілері Қазақ елінің әлемдік қауіпсіздікті ны­ғай­тудағы еңбегін жоғары баға­лай келіп, аталған форумдағы Қа­зақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан бастамаларына қолдау білдіретіндерін мәлім етті. Жапон депутаттарының пікірінше, Астанада өткен халық­ара­лық форумының қорытынды­сын­да қабылданған Декларация өр­ке­ниетке бастаған адамзаттың бар­лық күш-жігерін ядролық қаруды таратпау және қару­сыз­дану үдерісіне біріктіруге жасал­ған нақты қадам болды. Кездесу барысында тараптар пар­ламентаралық ынтымақтас­тық­ты және екі жақты өзара бай­ланысты дамыту мәселелері жө­нінде пікір алмасты. * * * Осы кездесуге Мәжілістің Ха­лықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков және Мә­жілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану коми­те­тінің төрағасы Ерлан Нығ­ма­ту­лин, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ли­касының Жапониядағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Ақыл­бек Камалтинов қатысты.