• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы №228-ө

395 рет
көрсетілді

2011 жылғы 25 тамыз,      Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13 бабы 3-тармағына және Қазақстан Республи­касы­ның 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 17-бабы 38) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д. К. Мұқанова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн; 2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен соң оны ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары осы бұйрық талаптарын зерделеудi және орындауды ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі   Н. ӘШIМ Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң 2011 жылғы 25 тамыз № 228-ө бұйрығымен бекiтiлдi Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрi – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және оның аумақтық бөлiмшелерiмен табиғат пайдаланушыларды тексерудi жоспарлау үшiн әзiрлендi және табиғат пайдаланушының тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, табиғат пайдаланушыларды әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы. 2. Осы өлшемдерде қолданылатын ұғым, яғни экологиялық тәуекел – қоршаған ортаға зардаптың ауыртпалығы есебiнен шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы; 3. Табиғат пайдаланушылардың өлшемі объективтi және субъективтi болып бөлінеді: 1) объективті – табиғат пайдаланушы қызметін жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын тәуекел маңыздылығына негізделген; 2) Субъективті – табиғат пайдаланушымен белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілуіне тәуелді анықталады. 4. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне бастапқы жатқызуы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемі негізінде жүзеге асырылады. Объективтi өлшем «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республика­сы­ның 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III кодексiне сәйкес белгiленген табиғат пайдаланушының санаты болып табылады: I-II санаттар – тәуекел дәрежесi жоғары объектiлер III санат – тәуекел дәрежесi орташа объектiлер IV санат – тәуекел дәрежесi төмен объектiлер. 5. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне кейінгі жатқызуы субъективті өлшемдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін табиғат пайдаланушыны тексеру қорытындылары бойынша өлшемдерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективтi өлшемдер бойынша бағалау жүзеге асырылады. 6. Жүргiзiлген тексерулер нәтижелерi бойынша, жиналған баллды ескере отырып, табиғат пайдаланушылар тиiстi тәуекел тобына жатқызылады. 7. Тәуекел дәрежесiн бағалау жалпы балы бойынша I–III санаттардағы табиғат пайдаланушылар 20 баллға дейiн – тәуекел дәрежесi төмен топқа, 20-дан 50 баллға дейiн – тәуекел дәрежесi орташа топқа, 50 және одан да көп балл – тәуекел дәрежесi жоғары топқа жатқызылады. 8. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 айлық есептiк көрсеткiштен (бұдан әрi – АЕК) жоғары залал келтiрiлсе немесе экологиялық заңнаманың бұзылуына 5 және одан да көп жол берсе, тәуекел дәрежесi орташа топқа енгiзiледi. 9. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 АЕК кем залал келтiрiлсе не (немесе) экологиялық заңнаманың бұзылуына 5-тен аз жол берсе, тәуекел дәрежесi төмен топқа енгiзiледi. 10. Бiр топ iшiндегi табиғат пайдаланушыларды тексерудi жоспарлау ең көп рұқсат етiлген эмиссия көлемiне сүйене отырып жүзеге асырылады. Рұқсат етiлген эмиссия көлемi ретiнде экологиялық рұқсаттармен белгiленген жылына/тонна өлшем бiрлiгiндегi шығарындының, төгiндiнiң, қалдықтың рұқсат етiлген мөлшерлерiнiң сомасы қабылданады. 11. Тексеру жоспарына енгiзу өндiрiстiк циклдiң мынадай ерекшелiктерiн ескере отырып жүзеге асырылады: 1) жыл бойы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын, бiрақ жыл мезгiлiне байланысты қоршаған ортаға барынша әсер ететiн табиғат пайдаланушылар олардың барынша әсер ету кездерiнде ғана тексеру жоспарына енгiзiледi. 2) өндiрiстiк қызметтi белгiленген жыл маусымдарында жүзеге асыратын табиғат пайдала­нушылар олардың өндiрiстiк қызметi кездерiнде ғана тексеру жоспарына енгiзiледi. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне 1-қосымша I-III санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесiн бағалаудың субъективтi өлшемдері №    Өлшемдер    балл 1    Қаражатты игеру жөнiндегi табиғат қорғау iс-шараларының жоспарларын орындау    50% дейiн    20 50-75%    15 75-99%    5 2    Зиянды заттардың шығарындылары мен төгiндiлерiнiң өндiрiстiк экологиялық бақылауын жүргiзу    жыл сайын    20 тоқсан сайын    15 ай сайын    10 апта сайын    5 күн сайын    0 3    Инспекциямен негiзсiз деп танылған өтiнiштердi қоспағанда өтiнiш беруге себеп болған оқиға    1 оқиға үшiн 10 балл 4    Экологиялық заңнаманың бұзушылықтарына жол беру    1 бұзушылық үшiн 5 балл 5    Қоршаған ортаға залал келтiру    залал құны 300 АЕК* жоғары    30 залал құны 300 АЕК* төмен    15 6    Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгiндiлерiнiң және өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемдерiн асыру    3 % жоғары    30 3 % дейiн    15 7    Бір экологиялық заңнаманың бұзылуына жол беру    соңғы 3 жылда 3 рет қайталанған бұзушылықтары    30 соңғы 3 жылда 2 рет қайталанған бұзушылықтары    15 8    Экологиялық рұқсаттың жоқ болуы немесе оның күшiн жою 30 * АЕК – айлық есептiк көрсеткiш. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне 2-қосымша IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесiн бағалаудың субъективтi өлшемдері Өлшемдер Экологиялық заңнаманың бұзылуына жол беру    Қоршаған ортаға залал келтiру 300 АЕК* жоғары немесе 5 және одан көп бұзушылық жасаса 5-тен аз бұзушылық жасаса немесе қоршаған ортаға залал келтiру 300 АЕК* төмен * АЕК – айлық есептiк көрсеткiш. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 26 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7202 болып енгізілді.