• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2011

Достығымыз берік, тұрақтылығымыз тұғырлы

494 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би аудандық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухтазим Таировтан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Автор хатында сонау 30­-­ жыл­дарда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған талай ұлттың ба­ла­сын бауырына басып, бір үзім на­нын бөліп беріп, оларды ажал­дан аман алып қалған, қи­ын-қыстау кезеңде пана болған кеңпейіл қазақ халқына алғы­сын айтады. Одан әрі хатта былай делінген: «Ешкімді жатсынбайтын қа­зақ халқы ұлтаралық қарым-қатынасқа оң ықпал етіп, адам­дардың өзара сыйластығы мен ынтымағын жарастыра түсті. Мұ­ның нәтижесі еліміздің бүгінгі өмірінен айқын сезіледі. Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқа­сын­да бірлігі жарасым тап­қан Қазақ елінде қаншама этнос Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, бір үйдің баласындай, бес сау­сақ­тың саласындай жақсы өмір сүруде. Сіздің бастамаңызбен құ­рылған Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы отандастарымыз ара­сын­дағы татулықты нығайтуға, қа­зақ­стандық қоғамды ортақ мақ­сат­қа ұйыстыруға, ұлтаралық келісімді бекемдеуге бағыт­тал­ған институтқа айналды. Ассам­блея­ның жемісті жұмысының нәти­же­сінде достығымыз берік, тұ­рақтылығымыз тұғырлы, ын­ты­мағымыз жарасты елге ай­налдық. Өзім тұратын Оңтүстік Қа­зақстан облысының, Төле би ауданында 40-тан астам этнос бейбіт өмір сүріп келеді. Ауданда түрік, славян, неміс, өзбек, корей, күрд этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Олардың ана тілін, мәдениетін сақтауға және жаңғыртуға барлық жағ­дай жасалған». Хат иесі одан әрі Пре­зи­дент­тің басшылығымен еліміз зор жетістіктерге жеткенін айта келіп, Елбасына зор денсаулық, то­лайым табыс және бақ-береке тілейді.