• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

«Әнім саған – Қазақстан» атты патриоттық әндер фестивалін Астана жұртшылығы тамашалады

562 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­ды­ғына орай елордадағы Кон­гресс-Холл сарайында «Нұр Отан» халықтық-демокра­тия­лық партиясы Астана қала­лық филиалының ұйымдастыруы­мен «Әнім саған – Қазақстан!» атты патриоттық әндер фестивалі болып өтті. Роза Рымбаева, Марат Омаров, Анар Мұздаханова, Сүлей­мен Ибрагимов, Бибігүл Ыс­қақова сияқты өнер шеберлері мен жас әншілер орындаған пат­риоттық әндер көпшілікті тәнті етіп, көп қошеметіне ие болды. Негізінен «Туған жер», «Қа­зақстан», «Астана» та­қырыбын қамтыған ән фестивалінде елі­міздің осы күн­ге дейінгі жеткен жетістіктері, кең бай­тақ жері, сүйікті қала­мыз Астана – ән болып әуеленді. Сахна шы­мыл­дығы күй­мен күм­бірлете ашы­лып, ал­ғаш­қы бо­лып «Ән Орда – Астана» әнін Марат Омаров шарықтата шырқаса, одан кейінгі «Наз» би театры­ның «Жауын­герлік биі», Медет Шайкелов­тың «Өз елім», «Қазақ қыз­дары», Дүйсен Сауриков­тың «Наз қоңыры», Мұса Мағзұм­ның «Тау ішінде», Артем Ро­манов­тың «Қа­зақ­стан», «Дудар-ай», «Дабыл» дуэті­нің «Ару қала Астана», Айдар Әмі­ренің «Астана кештері» мен Бибігүл Ысқақованың «Арайлы Астана», Қай­рат Ах­метовтың «Ту­ған елім» әндері кеш ажарын арайлан­дыра түссе, сах­наға соңынан шық­қан халық әртісі Роза Рым­баева өзінің өзек­жар­ды әндері­мен фестивальдің сә­нін кіргізіп, көп­шіліктің құр­метіне бөленді. Берік САДЫР.