• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 3827

487 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаң­тар­дағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат) мы­надай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 20 қазан.     №164  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы

20 қазандағы № 164 Жарлығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы

20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі

1. Геолог күні            – сәуірдің бірінші жексенбісі 2. Ғылым қызметкерлері күні          – 12 сәуір 3. Отан қорғаушы күні         – 7 мамыр 4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық   – 31 мамыр құрбандарын еске алу күні 5. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні          – мамырдың соңғы жексенбісі 6. Қазақстан Республикасының      – 4 маусым мемлекеттік рәміздері күні 7. Эколог күні           – 5 маусым – 8. Қаржы полициясы күні    – 6 маусым 9. Полиция күні        – 23 маусым 10. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні          – маусымның екінші жексенбісі 11. Медицина қызметкері күні        – маусымның үшінші жексенбісі 12. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің      – 28 маусым күні 13. Дипломатиялық қызмет күні     – 2 шілде 14. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні   – 13 шілде 15. Металлург күні   – шілденің үшінші жексенбісі 16. Көлік қызметкерлері күні          – тамыздың бірінші жексенбісі 17. Құрылысшы күні            – тамыздың екінші жексенбісі 18. Спорт күні           – тамыздың үшінші жексенбісі 19. Шахтер күні         – тамыздың соңғы жексенбісі 20. Білім күні – 1 қыркүйек 21. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні        – қыркүйектің бірінші жексенбісі 22. Қазақстан халқы тілдерінің күні           – қыркүйектің үшінші жексенбісі 23. Атом саласының қызметкерлерінің күні         – 28 қыркүйек 24. Әділет органдары қызметкерлерінің күні        – 30 қыркүйек 25. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні           – қыркүйектің соңғы жексенбісі 26. Машина жасаушы күні   – қыркүйектің соңғы жексенбісі 27. Мұғалім күні       – қазанның бірінші жексенбісі 28. Құтқарушы күні  – 19 қазан 29. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні    – қазанның соңғы жексенбісі 30. Статистика күні  – 8 қараша 31. Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі      – 15 қараша 32. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні           – қарашаның үшінші жексенбісі 33. Прокуратура күні            – 6 желтоқсан 34. Кеден органдары қызметкерлерінің күні         – 12 желтоқсан 35. Энергетик күні    – желтоқсанның үшінші Жексенбісі