• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы № 485-IV ҚРЗ

309 рет
көрсетілді

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қараша­да­ғы Қазақстан Республика­сы­ның Заңына (Қазақстан Респуб­ли­касы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 23, 134-құжат; 2011 ж., № 4, 41-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 1) тармақшада: «4 147 918 285» деген цифрлар «4 346 215 971» деген цифрлармен ауыстырылсын; «2 752 201 417» деген цифрлар «2 934 895 657» деген цифрлармен ауыстырылсын; «81 749 823» деген цифрлар «86 371 534» деген цифрлармен ауыстырылсын; «10 844 939» деген цифрлар «14 192 088» деген цифрлармен ауыстырылсын; «1 303 122 106» деген цифрлар «1 310 756 692» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «4 489 409 432» деген цифрлар «4 647 429 633» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; 3) тармақшада: «72 770 293» деген цифрлар «91 160 728» деген цифрлармен ауыстырылсын; «173 775 174» деген цифрлар «184 469 274» деген цифрлармен ауыстырылсын; «101 004 881» деген цифрлар «93 308 546» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) тармақшада: «281 549 111» деген цифрлар «338 013 062» деген цифрлармен ауыстырылсын; «281 909 111» деген цифрлар «338 323 062» деген цифрлармен ауыстырылсын; «360 000» деген цифрлар «310 000» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; 5) тармақшада: «-695 810 551» деген цифрлар «-730 387 452» деген цифрлармен ауыстырылсын; «3,0» деген цифрлар «2,8» деген цифрлармен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «695 810 551» деген цифрлар «730 387 452» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; 2) 2-бапта: «17 250 000» деген цифрлар «16 805 813» деген цифрлармен ауыстырылсын; «3 717 900» деген цифрлар «3 612 560» деген цифрлармен ауыс­ты­рылсын; 3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын: «6-1-бап. 2011 жылға арнал­ған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің тү­сім­дері: көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі функциялар мен өкі­леттіктерді – 43 355 мың теңге; «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесін – 141 211 мың теңге; жергілікті атқарушы орган­дардың: мемлекеттік сәулет-құрылыс­тық бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі өкілет­тік­терін – 174 687 мың теңге; халыққа қызмет көрсету ор­та­лықтарының қызметін ұйым­дас­тыру жөніндегі өкілеттіктерін – 7 318 688 мың теңге – беруге байланысты көзделсін. Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының рес­пуб­ликалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкі­ме­ті­нің шешімі негізінде айқында­ла­ды.»; 4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. 2011 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап әскери қызметші­лерге (мерзімді қызметтегі әс­кери қыз­метшілерден басқа) және құқық қорғау орган­дары­ның қызмет­кер­леріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және ком­му­налдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем­ақы­ның айлық мөл­шері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.»; 5) 11-бапта: мынадай мазмұндағы төртін­ші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықты­рыл­сын: «көші-қон полициясының қо­сым­ша штат санын ұстауға, мате­риалдық-техникалық жарақтан­ды­руға; Оралмандарды уақытша ор­на­ластыру орталығы мен Орал­ман­дар­ды бейімдеу және ықпал­дас­тыру орталығын күтіп-ұстауға және материалдық-техникалық жа­рақтандыруға; қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері жалпы білім беретін мектептерінің педагог қызметкерлері штат санының берілуіне байланысты; спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға;»; оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мамандарды әлеуметтік қол­дау шараларын іске асыру үшін;»; мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;»; 6) 12-бап мынадай мазмұнда­ғы төртінші абзацпен толықты­рыл­сын: «астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандату;»; 7) 16-баптағы «44 700 000» деген цифрлар «67 860 188» деген цифрлармен ауыстырылсын; 8) 17-баптағы «3 058 664» деген цифрлар «6 505 813» деген цифрлармен ауыстырылсын; 9) көрсетілген Заңға 1, 4 және 6-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының  Президенті   Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2011 жылғы  20 қазан.       № 485-IV ҚРЗ