• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2017

Астанада «Аграрлық салада кадр мен  ғылымды дамыту» атты семинар өтті

256 рет
көрсетілді

Жиынға ғалымдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, республикалық аграрлық оқу орындарының басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бизнес қауымдастық  өкілдері қатысты, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.

Бұл шара Елбасының жолдауындағы  технологиялық жаһанданудағы экономиканың дамуы және өндірістегі соңғы ғылыми жетістіктердің АӨК мемлекеттік бағдарламасынан көрініс табуы. Ауыл шаруашылығы кез-келген мемлекеттің дамуының  негізгісі. Оның дамуы үшін заманауи технология мен мамандар қажет екені белгілі. Семинарда  осы мәселелер талқыланды.

Қазіргі таңда аграрлық ғылым жетістіктері кешеуілдеуде. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша озық технологиялар мен инновациялардың үлесі аз екенін айта кеткен жөн. Мамандардың жасының ұлғайуы, ғалымдардың басқа салаға ауысуы, жастардың ғылымға қызықпауынан ауыл шаруашылығы ғылымының деңгейі төмендеуде. Мысалы, соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы ғылыммен айналысатын мамандардың саны 8%-ға төмендеді, ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орташа жасы – 57 жас, бас ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 65 жас, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердің – 54 жас, кіші ғылыми қызметкер – 30 жас болып табылады. Зейнеткерлік жасындағы ғалымдар 15% құрап отыр. Экономиканың басқа секторымен салыстырғанда, ғалымдардың орташа жалақы мөлшері біршама төмен. 

Жыл сайын біршама қаражат бөлінсе де, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының нақты критерийлері анықталмаған, ғылыми зерттеулерді енгізу деңгейі төмен деп айтуға болады.  Соңғы 10 жылда ғылыми зерттеулерге бюджеттен 50 млрд. теңге бөлінді. Ал енгізілген ғылыми зерттеулердің саны 262-ні ғана құрап отыр. Ал халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бизнес-қауымдастық өкілдері тарапынан ғылымды қаржыландыру үлесі Люксембургте – 80%, Жапония мен Германияда - 70 %, в Финляндия, Швеция, Қытай, АҚШ-та – 65%, Францияда  - 54 % құрайды. Ал бұл көрсеткіш біздің елімізде небәрі 5% құрап отыр.  Сонымен қатар, аграрлық сектордың дамуының бір көрсеткіші – жоғары білімді кадр даярлау.

Қазіргі таңда ауылда маман тапшы. Жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен бітірген түлектердің 50% ғана ауылды жерлерде жұмыс істейді. Еңбек нарығының бір талабы – өндіріске инновациялық технологияларды енгізу, ойы жүйрік заман талабына сай мамандар.  Тәуелсіздік алған 25 жылда ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы тек 70 жас маман білім алып, өздерінің біліктіліктерін арттырған. 

ҚР Премьер министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов: «Не үшін жұмыс істеу керек екенімізді ойланатын нақты мақсат бар. Меніңше, ғылымның, оның ішінде агроғылымның дамуына кедергі келтіріп отырған бірден бір жайт – ол мәселені шешудегі жүйесіздік. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ жүйесінің модернизациясын мақсатты түрде жүргізу керек» .

Жиын қорытындысында Жол картасын іске асыру бағытында кадр саясаты жүйесін жетілдіру мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандар дайындауды және әлемнің жетекші университеттерінен ғалымдардың тәжірибеден өту жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берілді. 

Сонымен бірге Премьер-Министр орынбасары А.Мырзахметов Қазақ Ұлттық аграрлық университеті базасындағы Агротехнологиялық хаб жұмысымен танысты. Агрохаб агроғылым, білім және өндірістің өзара әрекет алаңы ретінде 2016 жылы құрылған болатын.   

Соңғы жаңалықтар