• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Қор өкілімен кездесті

284 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин жаңа тағайындалған Конрад қорының Қазақстандағы өкілі Амос Хелмспен кездесті. Кездесу барысында екі тарап та біздің еліміз бен Германия арасын­да­ғы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін партия­ара­лық пікір алмасуды жетілдіруді мәлімдеді. Конрад Аденауэр атындағы қор­дың саяси маңызы бар. Оның негізгі көзқарасы ГФР-дағы жетекші пар­тия­лардың бірі – Христиан-демо­кратиялық одағымен үндес. Бұл партия «Нұр Отан» пар­тия­сы­мен біраз уақыттан бері әріптестік қарым-қа­ты­наста. Қормен тығыз ынтымақ­тастық негізінде Азия елдері саяси партияларының халық­ара­лық бас ассамблеясының бесінші конфе­рен­циясы өткізіліп, онда «Нұр Отан» төраға болып сай­лан­ды. Алқалы бас­қосу барысында Астана деклара­ция­сы қабылданып, онда Мемлекет басшысының негізгі сыртқы саясат­тағы бастамалары көрініс тапты. Жүздесу барысында еліміз тәу­ел­сіздік алған 20 жылдағы жетістіктеріміз сөз болды. Нұрлан Нығ­ма­тулиннің айтуынша, елімізде де­мо­кратиялық қайта құрулар бары­сын­да Президент – партия Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзі үлкен рөл атқарды. Қор төр­аға­сы Қазақстан Президентінің әлем­дік қоғамдастықтағы беделі­нің жо­ға­ры екендігін айырықша атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Амос Хелмс еліміздегі саяси және эко­номикалық үдерістер төңірегінде пікір алмасып, шетелдердегі саяси партиялармен, халықаралық ұйым­дармен бірлескен жобалар және ынтымақтастық жайында ой бө­лісті. «Егемен-ақпарат».