• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Ел игілігі үшін ашылған пойыз

327 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен қатар келіп отырған Жамбыл-Жаңатас қатына­сын­дағы қала маңындағы пойыздың ашылуына қомақты үлес қосқаны үшін Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа өз атымнан және біздің аймақтың көптеген қарапайым тұрғындарынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Осы маршрут біздің қарапайым тұрғындар үшін облыс орталығына қажетті азық-түліктерді сатып алуына, медициналық мекемелерге, жұмысқа, оқуға барып келуіне мүмкіндігін тигізді. Ең бастысы, жол жүру билетінің құны халықтың әл-ауқаты төмен дәрежедегі бөлігіне, студенттер үшін қолжетімді және демалыс күндері қатынайтыны ыңғайлы. Сонымен қатар, вагон ішіндегі тазалық және қызмет көрсетуші ұжымның сыпайылығы, әдептілігі де мақтауға тұрарлық екенін атап айтқым келеді. Алдағы уақытта аймағымыздың басқа да темір жол бағыттарына жаңа пойыздар жүретініне біз сенімдіміз. Алия ТҰРСЫНБАЕВА.