• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қазан, 2017

Алматы облысында Алаш арыстарын ардақтады

1036 рет
көрсетілді

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция тті. 

«Алашорда қозғалысының ұлт тарихындағы орны мен маңызы» атты конференция арыстардың өмірі арқау етілген бейнефильммен басталды. Одан кейін ақын, композитор,  Мәдениет қайраткері Төлеужан Ғұмар тізгін ұс­таған басқосуда Алаш қоз­ға­лысын зерттеуші, ғалым, Ұлт­тық ғылым ака­де­миясының коррес­пондент-мү­шесі, тарих ғы­лым­дарының док­торы, профессор Мәмбет Қой­гел­ді алғашқы болып сөз алды.

– «Ел ішінде «Алаш қайрат­кер­лері ақталды» деген сөз дүркін-дүр­кін айтылып жатады. Бұл не сөз? Шындығына келсек, ақ­та­латындай олар кімнің алдында кінәлі еді? Біле-білсек, бұл ке­зін­­дегі коммунистік партияның шы­ғарған байламсыз пікірі. Осы орайда әр уақытта айтып жүрген сөзімді қайталағым келеді: біз Алашты жоқтап болдық, енді жоқтай беруді тоқтатып, олардың идеясын жүзеге асыруды қолға алуымыз керек, – дейді профессор. 

Ал «Арыс» қорының пре­зи­денті, филология ғылым­да­рының док­торы Ғари­фолла Әнес Х. Дос­мұхамед­ұлы­ның оқулықтары – мә­дени-педагогикалық мұра еке­нін алға тартты. Ғылым докторы Халел жайлы тың деректерді алға тартып, оның қайраткерлігі мен күрескерлігін баяндады. Сонымен қатар, Әлімхан Ер­ме­ков математик, Мұхамеджан Ты­ныш­паев теміржолшы, Халел Дос­мұхамедұлы дәрігер болғанына қа­рамастан ұлт мәселесі сынға түс­кен шақта руханият пен ел саясатына да бірлесе ара­ласқаны, бір өзі бірнеше инс­ти­туттың жұмысын атқарып кет­кен алыптардың өмірі және ат­қарған ісі тек гуманитарлық са­ла қызметкерлеріне ғана керек бо­лып қалғаны да айтылды. 

Түркияның тумасы, қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық пе­да­гогикалық университетінде оқы­ту­шылық қызмет етіп жатқан та­рих ғылымдарының докторы Ос­ман Кабадайы сөз алып, Алаш та­ри­хына түрік халықтарының қы­зы­ғу­шылығы жоғары екендігін, арыс­тар жайлы Түркия мемлекетінің бас­пасөзі де жиі сөз қылатынын атап өтті. «Мағжан Жұмабаев бас­таған ақын-жазушылардың шы­ғармасын түрік тіліне аударып, бастыруда да біраз шаруалар ат­қа­рылып жатқаны да бауырлас ел­дің қазақ тарихына немқұрайлы қа­рамайтынын көрсетеді», деді. 

Жиын соңында тарих ғылым­да­рының кандидаты Шамек Тілеу­ба­ев «Алаш қайраткері  Ыбы­райым Жайнақов» тақыры­бын­да баяндама жасады.

Алмас НҮСІП,  «Егемен Қазақстан» Алматы облысы