• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қазан, 2017

Қазақстан бастамалары өміршеңдігімен құнды

540 рет
көрсетілді

Қазақстан биыл қаңтардан бас­тап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысына кіріскені белгілі. Кеңес құрамында қандай міндет­тердің қойылғаны, аталған құры­лымда жұмыс істеудің елімізге не беретіні жөнінде Қазақ­стан­ стратегиялық зерттеулер­ ин­с­­титутының директоры Зарема Шәукеновамен әңгімелескен болатынбыз. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұ­рақты емес мүшесі болудың маңыз­ды­лығы жөнінде не айтасыз?

– Ең әуелі бұл Қазақстанның жеке бастамасы бар және өз мүддесін қорғай алатын мемлекет екенін көрсетіп, ха­лық­аралық қоғамдастық тарапынан еліміздің еңбегі бағаланғанын білдіреді. Екінші қырынан қарасақ, бұл қадам еліміздің дипломатиясына артылған жауапкершілік. Өйткені Қазақстан ендігі жерде БҰҰ-ның келелі мәселелерін шешуге кіріскелі отыр. Еліміз ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, БҰҰ-ның құрамдас бөлігі ретінде әрекет етеді. Біздің мақсатымыз – бас-тамаларымызды қолдайтын елдермен бірлесіп, күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын ұсынып, оны жүзеге асыруға талпыну. 

– Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­сіз­дік Кеңесіне мүшелікке енген Қа­зақ­станның қандай мақсаты мен ба­сым­дықтары бар?

– Елбасы 2017 жылдың қаңтарындағы үндеуінде бұл туралы жан-жақты тоқталған болатын. Қазақстан әскери жанжалдарды оңтайлы шешуге өз үлесін қосуға тырысады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әскери бюджеттің (20 миллиард доллар) 1 пайызын дамуға бағыттау туралы ерекше ұсыныс жасаған-ды. ЭЫДҰ-ның даму бағдарламалары арқылы жүзеге асатын көмек жылына шамамен 165 млн еуроны құрайды. Ендеше әскерге бөлінетін қаржыға аштық, дамушы елдердегі білім беруді дамыту, медициналық көмек көрсету мәселелерін шешуге мүмкіндік мол. Өйткені халықаралық қоғамдастық аштық зардабын тартып отырғандардың мәселесін оңтайлы шеше алмайтынына көзіміз жетті. Мәселен, Оңтүстік Судандағы жұтты жою үшін жиналған қаржы түкке жетпейді. 

Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ ая­сында террорлық ұйымдардың бірың­ғай тізбесін құруды ұсынады. Әзірге Қазақстанның бастамалары­ ұйым тарапынан қолдау тапты. Мыса­лы, террорлық мәселелерді қада­ға­лайтын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас­ хатшысының жеке орынбасарын та­ғайындау ұсынысы жүзеге асты. 

– Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ата­нуына не әсер етті және оның жұ­мысына еліміз шын мәнінде қандай үлес қоса алады?

– Оның бірнеше себебі бар. Әуе­лі қазақстандық дипломатияның кәсі­би қабілетінің артуын атап өт­кен жөн. «Елдестірмек елшіден» де­мек­ші, Қазақстан өкілдері шетел басшы­ларының тілін табудың тәсілдерін же­тік меңгерді. Әлемдік қарым-қатынас жүйесіндегі жұмысымызды жоғары бағалауға болады. Еліміздің Қауіпсіздік Кеңесі құрамына енуінің келесі себебі көп векторлы теңгерім саясатын ұста­нуымен тікелей байланысты. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жаңа мүше ретінде тіркелген Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру жөнінде бастама көтерген-ді. Сол жоба бүгінде жүзеге асып отыр. 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізіп, ұйымға Қа­­­­зақстанның төрағалық етуі де елі­­­міздің беделін көтерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігін көрсеткен аталған шара ел абыройын әлем алдында асқақтатты. Сондай-ақ  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу де имиджді жақсартудың тиімді әдісі екені анық. 

Жалпы, Қауіпсіздік Кеңес құры­лымында тәжірибе жинау, күн тәрті­біндегі мәселелер мен жобаларды не­ғұрлым терең түсініп, олардың қыз­метімен танысудың еліміз үшін пайдасы орасан. Қазақстан Қауіпсіздік Ке­ңесінің санкция салу мәселелері жөніндегі бірқатар комиссия жұмы­сына қатысады. Онда егжей-тегжейлі зерт­теуді талап ететін бірнеше ерекшелік бар. Қауіпсіздік Кеңес құрамында Қазақстан БҰҰ шеңберінде ғана емес, шетел үкіметтерімен тығыз жұмыс ат­қарады. 

– Астанада Сириядағы қақты­ғысқа қатысты келіссөздер жүргізіл­генін білеміз. Соның нәтижесін қалай бағамдайсыз? Аталған диалогтағы Қазақстан рөлін әлем елдері қалай қабылдады?

– Келіссөздердің маңызды екенін уақыт көрсетіп отыр. Диалог өткізудің қиындығына қарамастан, Қазақстан әділ менеджер ретінде әрекет етіп, қарулы оппозиция мен ресми билікті бір үстел басына жайғастыра алды. Донбасс жөнінде Қазақстан мәміле алаңы ретінде қарастырылды. Сондай-ақ Қазақстанда Иранның ядролық бағ­дарламасы жөніндегі алтылық келіс­сөздерінің бірнеше раунды өт­кені белгілі. Қазақстан Ауғанстанға гума­нитарлық көмек көрсетіп, бірқатар бітім­герлік миссияларға қатысып ке­леді. Сирияға қайта оралсақ, Дамаск Таяу Шығыс мәселелерінің түйінін тар­қататын, мүдделердің тоғысқан жері. Еліміздің мақсаты анық – қарулы қақтығыстарды тоқтату. Соғысқа кеткен 100 жылдан 1 күндік келіссөз артық. Бұл – біздің алгоритміміз.

– Қауіпсіздік Кеңесіндегі еліміз ұстанған тағы бір бағыт – су мәселесі. Көп­теген мамандар келешекте Ор­та­лық Азия су дағдарысына тап болатынын айтқан еді. Мұндай жағдай туын­датпау үшін Қазақстан қандай ша­ралар жасауды жоспарлап отыр. 

– Трансшекаралық өзендерді пай­далану тұрақты үкіметаралық комис­сиялардың жұмысы. Елден өте­тін су­дың әр текше метрі үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әйтсе де, Қазақстан тарапы технологиялық тұрғыдан жетілуі тиіс. Сондықтан  су мәселесімен айналысатын мамандар әзірлеуіміз керек. Сингапурдың тәжірибесіне сүйене отырып, кей жағдайда сумен қамтамасыз етуді өзіміз шеше аламыз. Мысалы, суаруға пайдалану үшін қыстағы қарды және қар суын жинауға мүмкіндік мол. Осыған қатысты Президент Н.Назарбаев Үкіметке тапсырма берді.

– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның алға қойған ба­ғыт­­­­та­рының бірі – ядролық қару­сыздандыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан кейін ядро­лық қарудан бас тарту туралы ше­шім қабылдағаны мәлім. Осы мақ­сатта Қазақстан алдағы уақытта қан­дай бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр?

– Қазақстанның басты мақсаты – ядролық қарусыз әлем құру. Бұл жолда Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймаққа айналдыруға күш салдық. Дегенмен, әлі күнге ядролық қаруы бар елдер жетерлік. Олардың кейбірі заңды болса, келесісі заңсыз түрде атом бомбасын иеленіп отыр. Бұл елдердің өз еркімен сұрапыл оқтұмсықтардан бас тартуы өте қиын. Ядролық қарусыз әлем құру үшін дүние жүзінің барлық елдері оны қолданудан бірауыздан бас тартуы керек. Бұл бағытта Қазақстанның атқаратын шаруалары шаш-етектен. Еліміздің алға қойған келесі мақсаты – атомды бейбіт мақсатта қолдану. Төрт­күл дүниенің түкпір-түкпіріндегі энергетикаға қажеттілік күн санап ар­тып келеді. Әзірге атом энергиясы резервтік қор ретінде саналады. Осы орай­да Қазақстан оны қолданудың тиім­ді әдістерін ұсынуды жөн санайды.  – Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен  Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»