Денсаулық сақтау саласын жаңғырту бастамалары бойынша биыл осы салаға тартылатын инвестиция көлемін кемі 3,6 пайызға немесе 63 млрд теңгеге жеткізу мақсаты қойылған. Осы жоспарға сәйкес биылғы 8 айдың ішінде медицинаға 38 млрд теңге жеке және мемлекеттік инвестиция құйылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры Аслан Қинаятов мәлімдеді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть– Мемлекет басшысы әлеуметтік саланың инфрақұрылымын мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы дамытуды үнемі айтып келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Елбасы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Осыған орай денсаулық сақтау саласына да инвестицияны көптеп тарту шаралары қарастырылып жатыр, деді А.Қинаятов.
Оның айтуынша, осы салада мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту арқылы елге көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға болады. Медициналық құрал-жабдықтарды жаңартып, емдеудің заманауи тәсілдеріне қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ инвестиция көбірек тартылса, нысандарды пайдалануға беру шығындары да азайтылмақ. Ал мемлекетпен келісімге отырған жеке кәсіпкерлерге тұрақты әрі ұзақ мерзімді бизнесті құруға жол ашылады.
Бүгінде мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы жалпы сомасы 16 млрд теңгені құрайтын 14 жоба бойынша келісімшарт жасалыпты. Солардың ішінде жедел медициналық жәрдем стансасы, Ақтөбеде офтальмология ауруханасы мен балалар стоматологиялық емханасы құрылыстарын салу, Екібастұзда емхана ғимаратын тұрғызу, Шымкентте жедел медициналық жәрдем стансасын салу, Алматы облысында медициналық зертхана жасақтау секілді жобалар бар. Бұған қоса, Екібастұз бен Павлодар ауруханаларына екі компьютерлі томография орнату жөніндегі жобаларды да атап өтуге болады.
Жылдың аяғына дейін медициналық салаға қажетті тағы 30 келісімге қол қою жоспарланып отыр. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін келісімшарттар 3 жылдан 5 жылға дейін жасалады. Мұндай жобалар мердігерді таңдау үшін жыл сайын конкурсқа қатысып жатпайды. Бұл да мемлекеттік қолдаудың бір түрі.
Денсаулық сақтау саласын жеке инвесторлар үшін тартымды ету мақсатында министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесе инфрақұрылымды 2025 жылға дейін дамытудың перспективалық жоспарын әзірлепті. Оның ішінде басты 16 өңірлік жоба бар.
Брифингке Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Анар Мүсірепова, Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы бас директорының орынбасары Нұрбол Күзембаев қатысып, журналистердің сауалына жауап берді.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»