• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қазан, 2017

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

212 рет
көрсетілді

Астанада 12 қазанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімдігі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен 12 қазанда елорданың «Жастар» сарайында (Республика даңғылы 34) мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге «Биотехнология ұлттық орталығы», Ұлттық музей, № 1 емхана, «Элара-Астана» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Апрель 2030» ЖШС сияқты 40-қа тарта елордалық жұмыс беруші қатысады деп күтілуде. Онда кіші ғылыми қызметкер, зертханашы, мейірбике, жүргізуші-экспедитор, күзетші, өнер мен мәдениет маманы секілді 250 бос жұмыс орны ұсынылмақ.

Шара сағат 10:00-де басталып, 13:00-де аяталады