Елбасы идеясынан туындаған Рухани жаңғырудың түпкі мақсаты – елімізді мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт ретінде жарқын болашаққа жеткізу.
G
M
T
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
Звуковая функция ограничена 200 символами
Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
Осы ретте жұртшылықтың сана үйлесімін жетілдірудің нақты қадамдары Елбасының тарихи бағдарламалық мақаласында айқын көрсетілген. Сондай қадамның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру. Президентіміз айқын көрсеткендей: «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді». Міне, латын әліпбиіне өтудің тарихи маңызы да осында.
Латын әліпбиі қазақ тілі үшін жат емес. Ата-анамыз осы әліпбимен білім алды. Тіпті қазір де 1930-1940 жылдардағы деректерді осы әліпби арқылы аламыз. Алайда ол жылдардағы әліпбидің тарихи жолы, тарихи сабағы бар. Мысалы, ондағы 29 әріптің ішінде «ң» дыбысын баспаға түсіру қиындық келтірді, «ы» дыбысының таңбасы латынша емес «ь» (кейінгі жіңішкелік белгідей) болды т.б. Бұл латын әліпбиінің қазақ емлесі мен орфоэпиясына келмейтін тұстарының көп екендігі туралы пікірталас кирилл әрпіне көшкенше жалғасқанын ғалымдар жақсы біледі. Соның салдарынан болар, 1940 жылы орыс тілі негізіндегі 42 әріптен тұратын күрделілеу кирилл әліпбиіне көшуге тура келді. Соңғы ширек ғасырды сол әліпбидің тиімді тұстарын да, кемшілігін де сараптан өткізгендейміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп халық көкейіндегі сөзді ашық айтты. Ұлттық кодты сақтайтын, жаңғыртатын – ұлттық тіл. Демек қоғамдық сананы жаңарту үшін, рухани жаңғыру үшін тілімізге реформа жасау – заманауи ақпараттық қоғамда білім культін көтеруге өте қажет істің бірі. Елбасы сөзімен айтқанда: «Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет».
Осы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламентінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылып, қазақ-латын әліпбиінің ұсынылған көптеген жобалары негізінде белгілі мамандар айқындаған ортақ нұсқа ұсынылды. Бұл нұсқаның мақсаты да – тілімізді жаңғыртуға ықпал ету. Шетелдік тәжірибелер де ескерілгені айтылды. Сөйтіп, 25 әріп пен 8 қосар әріптен (диграф) тұратын әліпби баспасөзде жарияланды. Бұл ұсынысты кейбір ғалымдар «тәжірибе нұсқасы» деп айдарлады.
Елбасының көрегендігі сонда – Парламент тыңдалымына ұсынылған нұсқаны да халық талқылауына салғызды. Талқылауға жас-кәрі, үлкен-кіші – бәрі де қатысты. Көпшіліктің ойланғаны – қосар әріп пен кейбір дыбыстың бейбалама таңбамен берілу жайы еді.
Қазақ тілінің жалғамалы тіл екені мәлім. Сондықтан «жазылған сөздің ұзындығы қабылдауға қиындық келтіреді» деген және «қосар әріптің әр әрпі оқылуда дербес қабылданып кетуі мүмкін» деген пікірлер ортаға салынды.
Осы орайда Мемлекет басшысы: «Әлемде ешбір ел жаңа әліпбиін бүкіл халық болып талқылаған емес. Бізге әр адамның пікірін білу маңызды. Латынға көшу мәселесіне қатысты 300-ден аса ұсыныс түсті. Жастардың бұл процесті қолдағаны қуантады» дегені байыптылықтың бағдары еді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде де қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру ісі Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында талай ғылыми семинарларда талқыланды. Университеттегі «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институты осы бағытта үлкен ғылыми жоба орындады. Институт, негізінен, бұл тақырыпты компьютерлік технологияларға сүйеніп зерттеді. Осы жобаның кезеңдік нәтижелері Қазақстан қоғамына кең ұсынылды.
Біздің ғылыми семинарларда латын әліпбиінің қазақша сөйлеуіне қатысы, әліпбидің семиотикалық көріністері, ақпараттық технологиямен етенелесуі сияқты келелі мәселелер қаралды. Парламент тыңдауына ұсынылған әліпби нұсқасы да университет назарынан тыс қалған жоқ. Пікірталастар қорытындысы, мамандар ұсынысы дер кезінде Білім және ғылым министрлігіне жолданып отырды. Ғалымдарымыздың ортақ пәтуасы – латын әліпбиінің қазақ тілі үйлесімділігін жаңадан жаңғыртуға ықпал етуін қолдау ыңғайында. Шетелден шақырылған профессорларымыз, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЮНЕСКО кафедраларының мамандары қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруді терең түсіністікпен қолдады.
10 қазанда Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру тобының мүшелерімен кездескенде таласты мәселенің бәрі де оңтайымен шешілді деп сеніммен айта аламыз. Жаңа нұсқада қосар әріптер жоқ, оның орнына дәйекше белгісі (апостроф) алыныпты. Дәйекше қою – жазылған сөзімізді ықшам ету үшін дұрыс табылған амал. Оның үстіне дәйекше қойғанда компьютердің әріптік тақтасынан тысқары шықпаймыз. Дыбыс табиғаты мейлінше анық көрсетілген.
Жаңа нұсқа жарияланысымен білім саласы мамандарына ұнады. Оны қолдаушылар әп-сәтте ойын БАҚ-та жариялады. Жалпы дәйекше жазу тарихымызда А.Байтұрсынұлы заманында да болғанын ұмытпалық.
Латын негізді қазақ әліпбиі – уақытпен бірге толығатын, жетілетін әліпби. Икемді, ұтқыр әліпби – ұлт тілін өркендетудің жаңа тынысы. Мемлекеттік тілді өзге тілділерге үйретудің тамаша амалы. Ғалымдар өзгеше назар аудару өзге тілді жеңіл үйренуге апарар жол деп есептейді.
Рухани жаңғыру ел бірлігінсіз жүзеге аспайды. Өзге этностар да қазақ тілінің латынша жазылуы мәнін, мақсатын отаншылдық өреде түсінгеніне көп мысал келтіре аламыз. Елбасының мына ойы олардың да көкейінен шықты: «Қазақ тілін латынға ауыстыру орыс тілділердің, орыс тілінің және басқа тілдердің құқығына ешқандай нұқсан келтірмейді. Орыс тілі кирилл жазуында қала береді. Жаңа әліпбиге өту қазақ тілін үйренуді жеңілдетеді». Жалпы жазу тарихы – сана мен сапа тарихы. Әр қоғам коммуникацияның жаңашыл мүмкіндігін іздейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан байырғы және кейінгі дәстүр сабақтастығын үзбей, жасампаздықпен алға дами беретін болады.
Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик