• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2011

Бүгінгі табыс – сындарлы мемлекеттік саясаттың нәтижесі

299 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне Үндеуі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы ме­ре­ке­сінің құрметіне қазақстандық диқандар ре­кордтық астық өнімін жинады. Отаны­мыз­дың қамбасына 29 миллион тоннадан астам дәнді дақыл, соның ішінде 24 миллион тонна алтын дән құйылды. Астық жинау әлі де жалғасуда. Қазірдің өзінде рекордтық астық түсімі Кеңес Одағы кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті. Егер сол кездері астықтың түсімі гектарына 15,4 центнерден айналса, бүгінде бұл көрсеткіш гектарына 18 центнерден жоғары болуда. Рекордтық астық өніміне еліміздің басты ас­тық­ты өңірлерінің еңбеккерлері үлкен үлес қосты: Қос­танай облысында гектарына 20,2 центнерден 8,7 млн. тонна, Солтүстік Қазақ­стан облысында 8,7 млн. тонна (гектарына 22,4 ц.,) және Ақмола облы­сында 7,1 млн. тонна (гектарына 16,7 ц.,) астық жиналды. Бұл – Тың игеру кезінен бергі астық өніміндегі ең жоғары рекордтық көрсеткіш. Егін орағының облыстардың өз күштерімен жүргізілуі де ерекше маңызды жәйт. Астықтың 90 пайызының сапасы 1-3 сы­нып­ты деңгейдегі әлемдік стандарттар бой­ын­ша баға­ла­на­ды. Бұл Қазақстанның әлемдік ас­тық рыногында бәсекеге қабілет­тілігін сақтап қалуына мүмкіндіктер береді. Бүгінгі табысымыз – қазақстандық ауыл ша­руашылығы еңбеккерлерінің жанкешті еңбегі мен Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан эконо­ми­касы­ның негізгі саласы – ауыл шаруа­шылығын қолдауға бағытталған сындарлы мемлекеттік саясаттың нә­тижесі. Рекордтық астық өнімін алу қазақстандық аграрлық сектордың дамуының жоғары серпінін көрсетеді. Соңғы 10 жылда бұл саладағы жалпы өнім көлемі 3,5 есе, ауыл шаруашылығы өнім­дерінің экспорты 3 есе өсті, ал ұн экспорты бой­ын­ша Қазақстан бүгінде төрт жыл қа­тарынан әлемде көшбасшылық орынды ұстап келеді. Мен қазақстандық ауыл шаруашылығы ең­бек­кер­лерін еңбектегі жаңа жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға игілік және өркендеу тілеймін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.