• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жақсылыққа бетбұрыс

367 рет
көрсетілді

2011 жыл біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық ме­рей­тойының атап өтілуімен ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар елімізде және өз өмірлерінде болып жатқан айтарлықтай өзгерістердің куәгерлері болды. Елдің ұлылығы қара­пай­­ым азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуден басталатындығына көпшілік келісетіні сөз­сіз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуы нәтижесінде қанша адам баспаналы болды десеңізші! Баспаналы болуға немесе тұрмысты жақсар­туға қол жеткізу үшін нарықтағы ұсыныстарды мұ­қият зерттеу керек. Бір таныстарымыз ғалам­то­рдың көмегімен пәтерді несиеге алудың барлық жолдарын қарастыруды қолға алды. Түрлі ақ­параттық нұсқаулар ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жөнінде толық ақпарат орналас­ты­рылған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ресми сайтына көңіл аударды. Банктің электронды парағында қолданыстағы жинақ жүйесінің толық ақпараты және айналымдағы мөлшерлемелер мен несиелер көрсетілген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы тұ­ты­нушылар мен салымшылардың пікірлері жа­зыл­ған форумдар оның аса қызығушылығын тудырды. Мысалы Самат Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен сапалы көрсетілген қызметі үшін дән риза. Өйт­кені, тұтынушы үшін ең маңыздысы – оған ілтипат пен сергектік көрсеткен банк қызмет­кер­ле­рі­нің назары ғой. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сіне салымшы болған Самат былай жазады: «Бір күні жұмыстан келе жатып, кірпіштен салынып жатқан жаңа көп қабатты тұрғын үйге көз сал­дым. Білесіздер ме, ғұмырымда алғашқы рет дәл осы үйде тұру ықыласын ішкі даусым сездірді. Отбасы құруды қиялдаған әр жас адам сияқ­ты мен де үйленуге бет бұрдым. Алайда, өмір өз түзетулерін жасап отырады емес пе! Қиындықтар бірден тап болды, себебі тұрмыс жайын жақсарту қажеттілігі туды. Тұрғын үй мәселесі біздің отба­сының басты мәселесіне айналды. Өйткені, үй­лен­геннен бастап пәтерді жалға алуға, жатақ­ха­надан жатақханаға көшіп-қонуға мәжбүр болдық. Мені жаңа отау құрғандар түсінетін болар. Бір күні зайыбымыз екеуіміз теледидарда көр­сетіліп жатқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тарифтік бағдарламалары мен тұрғын үй несиелерінің төменгі пайыздары туралы жарна­ма­лық жүгіртпесін көрдік. Ұсынысқа қатты қы­зық­тық, қаражаттың ипотеканың алғашқы са­лы­мына жетпегендігіне қарамастан, жайлап ақша жия бастаған едік. Қысқасы, тұрақты келешекке үмітіміз пайда болды. Зайыбымызбен бірге Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінің жақын бөлімше­сінен кеңес алуды жөн көрдік. Банкте заем алудың үш түрі таңдауға беріледі екен. Сыйақы мөлшерлемесі 3,5 пайыздан 5 пай­ызға дейінгі тұрғын үй заемы (жылдық тиімді мөлшерлемесі 3,6 пайыздан 5,3 пайызға дейін), алдын-ала жинақтау заемның 50 пайызын құрауы тиіс; аралық тұрғын үй заемын алу үшін алдын-ала жинақтау заемның 50 пайызын төлесе, сый­ақы мөлшерлемесі 8,5 пайыздан 9,5 пайызға дейін (жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,7 пайыздан 17,5 пайызға дейін); алдын ала тұрғын үй заемы­ның сыйақы мөлшерлемесі 10-11 пайыз аралы­ғын­да (жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,1 пайыз­дан 17,3 пайызға дейін), заемның бұл түрі үшін алдын ала жинақтау керек емес екен. Ең алдымен заемның шартты сомасын анық­та­ған жөн. Банк өз клиенттеріне жинақ мерзімі 3-3,5 жыл, 5,5 жыл, 8,5 жыл және 15 жылдан тұратын «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» атты төрт тарифтік бағдарламасын ұсынып отыр. Салым шеңберінде жылдық 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме мөлшері 12,7%-ға дейін жетуі мүм­кін) сыйақы тағайындалады. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінетін 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіші) дейін 20% мемлекет сыйлықақысы бұған орынды дәлел бола алады. Қазақ­стан­дық­тар­дың баспана мәселесін шешу – мемлекеттік маңызы бар іс екені сөзсіз! Міне, сөйтіп тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сінің салымшысы болуға шешім қабылдадық. Ұсынылған барлық бағдарламалар ішінен 5,5 жыл­дық жинақ мерзімі ойластырылған «Өркен» тарифіне тоқтадық. Өз төлемдерімізді ескере оты­рып, шарт сомасы 1 000 000 теңгені құраған жағдайда, айлық жинақ салымы – 7 500 теңгеге (0,75% * 1 000 000 теңге) теңеледі, ал тұрғын үй не­­сиесін өтеу мөлшері– 5 000 теңгені (0,50% * 1 000 000 теңге) құрайды. Пәтерге қаражат жинақ­тай ала­­­мыз, – деген үмітіміз күннен-күнге кү­шейе түсті. Сөйтіп, зайыбымыз екеуіміз Халық Банкінің төлем карточ­касының иегері болғандықтан, жинақ жүйесі же­ңіл­деді, себебі айлық салымдарды банкоматтар ар­қылы лезде төлеуге болады. Әрине, банкомат­тар­дың да істен шығатын кездері болып тұрады, бірақ төлем операцияларын жүзеге асыратын Қазпошта бөлімшелері әрқашан жаныңнан табылады. Сөйтіп, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің арқасында біздің өмірімізде жа­ғым­ды өзгерістер пайда болды. Аз уақыттың іш­ін­де жұмыста лауазымым жоғарылап, онымен бір­ге салымдар да көбейе бастады. Бастапқы қа­жетті салымды да алдын-ала жинақтау қолдан келе бастады. Осы мезетте, Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі 2011 жылдың 1 шілдесінен 25 желтоқ­сан аралығында мөлшерлеме жеңілдігі туралы ха­барлады. Бұл ең алдымен алдын-ала және ара­лық тұрғын үй заемына қатысты еді. Жинақсыз баспана алам деушілерге алдын-ала тұрғын үй заемы қарастырылған. Аталған несие бойынша мөлшер­ле­ме пайызы – жылдық 11% (жылдық тиімді мөл­шерлеме – 15,1% дейін); шарт сомасынан 50 пайы­зын жинақтаған кезде – алдын-ала жи­нақ­таған ара­лық қалыпты тұрғын үй заемына ие бола ала­ды. Түсім жылдық 8,5% құрады (жылдық тиімді мөлшерлеме – 17,5% дейін). Жеңілдік ара­лық тұр­ғын үй несиесінің «Жеңiл» бағдар­ла­ма­сына да әсер етіп, үш жылдан аспайтын, жылдық 9,5% (жылдық тиімді мөлшерлеме – 15,7% дейін) негізгі қарызды өтеу бойынша төлем мерзімін ұзарту. Аралық тұрғын үй несиесіне тоқтай келе, несие рәсімдеу мақсатында жедел 2 бөлмелі пәтер іздеуге кірістік. Ақырында қиялдаған үйге де тап болдық! Өміріміз де, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен әріптестігіміз де жалғасуда. Үстіміздегі жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің таза әрлеуден өткен әлеуметтік баспана алу мақса­тын­да тұрғын үй бәйгесін қалыптастыруды бастау жө­нінде жариялағаны баршамызға мәлім. Алма­ты­да тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 142 500 теңге, Астана мен Ақтөбеде – 112 500 теңге, ал басқа өңірлерде 90 000 теңгені құрайды, Алматыдан үш бөлмелі пәтерге де ие болармыз.» Оқиғадағы біздің кейіпкеріміздің оңды өзге­ріс­тері Сіздерде де болуы мүмкін, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бағдарламаларымен та­ны­сыңыз. Өз өмірін өзгерткісі келетін ел азамат­та­рына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің есігі әрдайым ашық. Ибраһим КАППАСОВ. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz