• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қазан, 2017

Темір жолдағы тежеліс

438 рет
көрсетілді

Оның үстіне фитосанитарлық, басқа да шамадан тыс құжат ресімдеулер шаруа адамын әуре-сарсаңға салып отыр. Жыл өткен сайын Қазақстан бидайына шетел сұранысы артып келеді.

Ресейде астық шығымы жоғары болғандықтан әрі экономикалық санкциялар арқылы бұғауланып тасталғандықтан біздің елге ұсыныс төмендеп кетті деген ұшқары пікірлер айтылып қалады. «Олай болса, элеваторлардағы ұзын-сонар кезекті, темір жол бойындағы вагондардың тапшылығын қалай түсіндірер едік?» деген агроқұрылым жетекшілерінің уәжі ойлантпай қоймайды.

Елімізде жиналатын астықтың үштен бірін өсіретін жергілікті диқандардың маңдай терін тамшылата баптаған ризығы Отан қамбасына ырыс болып құйылды. 5,6 миллион тонна алтын дән жиналып, гектар берекелілігі 18,2 центнерден айналған жаз бойғы тынымсыз еңбектің ақталғанын көрсетсе керек.  Астық қабылдайтын және сақ­тайтын элеваторлар мен қоймалардың жалпы сыйымдылығы 6,6 миллион тоннаны құрайды. 7,5 миллиард тең­геге бір мыңдай жаңа техника сатып алынды. Агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан 44 миллиард теңге демеуқаржы берілді. Егіншілікті әр­тараптандыруға жете көңіл бөлудің арқасында майлы дақылдар алқабы 715 мың гектарға жетіп, келесі жылы 1 миллион гектарға дейін ұлғаяды.  Алайда жылына орта есеппен 1,5-2 миллион тонна сапалы дәнді да­қылдарды, 150-200 мың тонна ұн өні­мін алыс-жақын мемлекеттерге өткізіп жүрген өңір үшін жылда қай­таланатын көңілсіз көріністер мен қолбайлаулардың биыл да орын алуы диқандар қауымының бойына сенімнен гөрі күдікті ұлғайтқан секілді.

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, жылда біт­пейтін «жырдың» бірі – темір жол тасымалында қалыптасқан келең­сіз ахуал, атап айтқанда, жүк вагон­дарымен қамтамасыз етудегі іркі­лістер. Мә­селенің әбден ширығып, рес­пуб­ликалық деңгейге жеткені соншалық, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-тың басшылығы Қос­танай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан об­лыстары әкімдіктерінің және ауыл шаруашылығы өкілдерінің қаты­суы­мен алқалы жиын өткізулеріне тура келді. 

Петропавл қаласында бір күнде ғана 178, Булаевта 197, Мам­люткада 279 вагон астықтың кем тиел­генін ескерсек, жағдай дабыл қағарлық еді. Басқосуда облыс бас­шысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, басқа да шен­ділер астық экспортына қатысты жергілікті билік тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын, басты проблема республикалық ведомстволарға тіреліп тұрғанын ашып айтты. «Жүк тасымалдары» АҚ-тың жүк жөніндегі атқарушы директоры Сәрсенбек Жапаров астық тасымалдаудағы кідірістерді мойындады. Алайда оның былтырға қарағанда экспорт көлемі 14 пайызға өскенін, локомотивтер мен вагондардың басым бөлігі тозғанын алға тартуы жиынға қатысушыларды қанағаттандырған жоқ. Темір жол паркінің 57 пайызы жекеменшікке тиесілі екенін, 7 мыңнан астам вагонның жетіспейтінін жақсы білеміз. Бізді құрғақ цифрлар емес, темір жол қатынасын тиімді пайдалану, жауапты салалардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, кедергілерді еңсеру бағытындағы нақты қадамдар мен жедел шешімдер көбірек толғантады, десті олар. 

 – Біздің негізгі қызметіміз – жергілікті агроқұрылымдардан жеткізілетін бидай мен арпаны қабылдау, мемлекеттік стандартқа сай кептіріп, темір жол арқылы ішкі нарықпен қатар сыртқа жөнелту. Алайда жұмысымызда тұралап қалатын жайттар аз емес. Көрші Ресеймен бірыңғай темір жол кеңістігінде болсақ та есе жіберіп жүрміз. Вагондарды жаңғырту үдерісіміз шабан үйректі көзге елестетеді, деді «Есіл-Гарант» серіктестігінің директоры Ақылбек Бекенов. Оның айтуынша азық-түлік тасымалы үшін үсті жабық вагондар, майлы дақылдарға арналған цистерналар тапшы.   Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда астық тиелген вагондарды кідіріссіз жөнелту бір машақат. Өткен жылы тапсырыс берген платформаларды 10-20 күн күтіп қалған фактілер болған. «Икеа-Тас груп»» ЖШС-ның жетекшісі Бахтияр Шайкеновтың сөзіне қарағанда, шетелдіктер вагондардың техникалық жағдайына, жарамдылығына, тазалығына да көп кінәрат тағатын көрінеді. Тіпті, цемент тиелген вагондарға қант, ұн тиеу секілді оғаш жайттар кезіккен. 

Сөйлеушілердің қай-қайсысы да экспорттық сауда-саттық темір жол компаниясына тікелей тәуелді екендіктерін жасырмады. Шынында да жыл өткен сайын отандық ауылшаруашылық өнімдерін өткізу, сату нарығының аясы кеңіп келе жатқанын біле тұра астық тасымалдайтын жүк жөнелтушілермен жасалған келісім - шарттардың орындалмауы, жиі бұзылуы түсініксіз. Астықты өлке саналатын Қызылжар өңірінің экспорттық байланысы осылай кедергіге ұшырап, жағдай түзелмейтін болса, өзара сенімге сызат түсіп, тұрақты байланыстан айрылып қалуы ғажап емес.

 Диқандардың Азық-түлік корпорациясына деген сенімі де азайып бара жатқан тәрізді. Бүгінге дейін жергілікті өкілдікпен бірде-бір шарттың жасалмауы осындай ойларға еріксіз жетелейді. Қамбасы астыққа толы егіншілердің көңілін күпті етіп отырғар жайттың бірі – басқа жылдарға қарағанда қамырлылығы жоғары, сапасы жақсы бидай өніміне лайықты баға қойылмауында жатса керек. Өкілдік директоры Рамазан Әсіп 3- класты бидайдың әр тоннасы 48-52 мың теңгеге бағаланатынын айтып қалды. Түбірлей сұрағанымызда «52 мың» межені бағындыру үшін қамырлылық 30-дан кем болмауы және өнім халықаралық стандарттарға сай келетін арнайы қапшықтарға салынуы қажет екенін айтты. Баға қанша қызықтырса да, бұл талапты орындауға екінің бірінің қаржылық шамасы келе бермеді. Осылайша, не шетелге, не мемлекетке өткізе алмаған соң делдалдарға саудалауға, ал түскен азын-аулақ табысты алған несиені жабуға , бюджет салығын төлеуге мәжбүр болады. 

Хош, сонымен кәсіпкерлер палатасы, тағы басқа мүдделі ұйымдардың ұсыныс-тілектері топтастырылып, облыстық әкімдік атынан тиісті министрліктерге хат жолданғанын естіп, оның қорытындысын білу үшін ат басын Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясына бұрдық. Өйткені біз жоғарыда сөз еткен жиында астық тасу құжаттарын ресімдеуде қағазбастылықтың, әкімшілік кедергілердің жиі орын алатыны, алыс аудандағылардың фитосанитарлық рұқсат алу үшін облыс орталығына сабылатыны, республикалық ветеринарлық зертхананың бірден-бір бөлімшесі Петропавл қаласында ғана орналасқаны, оның мерзімі екі аптаға дейін созылып кететіні, демалыс күндері тиісті мемлекеттік мекемелердің есігінде қара құлып тұратыны айтылған болатын. Алайда бізге берілген жазбаша жауап ауанынан аңғарғанымыздай мәселе сиырқұйымшақтанып, тағы да тұйыққа тірелгендей. Себебі, қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызметтер көрсету қарастырылмаған. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар бұйрықтары мен ережелеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.

 Облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, бұл мәселенің шешім табуы ұзақ уақытқа созылатын сыңайлы. Жаз айында жұмыс тобының бір отырысы өткенімен, ортақ қорытындыға келе алмағанға ұқсайды. Өнім сапасын айғақтайтын құжат «Қазагроэкс» АҚ-тың жергілікті бөлімшесінен алынады. Салық органдарына бірқатар құжаттар тапсырылады. Құжаттық рәсімдеу тізбегі осылайша жалғасып кете береді. 

 Темір жол бойындағы келеңсіздіктерге апталап күтуге тура келетін шамадан тыс қағазбастылықтылықты қоссақ, шаруа адамының жүйкесі темір еместігін, оның соңы нарық та қарық қылмайды екен деген түңілушілік пен сарыуайымға соқтыратынын амалсыз ұққандай боласың. 

– Біздің негізгі қызметіміз – жергілікті агроқұрылымдар­дан жеткізілетін бидай мен арпаны қабылдау, мемлекеттік стандартқа сай кептіріп, темір жол арқылы ішкі нарықпен қатар сыртқа жөнелту. Алайда жұмысымызда тұралап қала­тын жайттар аз емес. Көрші Ресеймен бірыңғай темір жол кеңістігінде болсақ та есе жібе­ріп жүрміз. Вагондарды жаң­ғыр­ту үдерісіміз шабан үйректі көз­ге елестетеді, – деді «Есіл-Гарант» серіктестігінің директоры Ақылбек Бекенов. Оның айтуынша азық-түлік тасымалы үшін үсті жабық вагондар, майлы дақылдарға арналған цистерналар тапшы. 

 Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда астық тиелген вагондарды кідіріссіз жөнелту бір машақат. Өткен жылы тапсырыс берген платформаларды 10-20 күн күтіп қалған фактілер болған. «Икеа-Тас груп»» ЖШС-нің жетекшісі Бахтияр Шайкеновтің сөзіне қарағанда, шетелдіктер вагон­дардың техникалық жағда­йына, жарамдылығына, тазалығына да көп кінәрат тағатын көрінеді. Тіпті, цемент тиелген вагондарға қант, ұн тиеу секілді оғаш жайттар кезіккен.

Сөйлеушілердің қай-қай­сысы да экспорттық сауда-саттық темір жол компания­сы­на тікелей тәуелді екендіктерін жасырмады. Шынында да жыл өткен сайын отандық ауылшаруашылық өнімдерін өткізу, сату нарығының аясы кеңіп келе жатқанын біле тұра астық тасымалдайтын жүк жөнелтушілермен жасалған келісімшарттардың орын­далмауы, жиі бұзылуы түсінік­сіз. Астықты өлке саналатын Қызылжар өңірінің экспорттық бай­ланысы осылай кедергіге ұшырап, жағдай түзелмейтін болса, өзара сенімге сызат түсіп, тұрақты байланыстан айырылып қалуы ғажап емес.

Диқандардың Азық-түлік корпорациясына деген сенімі де азайып бара жатқан тәрізді. Бүгінге дейін жергілікті өкілдік­пен бірде-бір шарттың жасалмауы осындай ойларға еріксіз жетелейді. Қамбасы астық­қа толы егіншілердің көңілін күпті етіп отырған жайттың бірі – басқа жылдарға қарағанда қа­мыр­­­лылығы жоғары, сапасы жақ­сы бидай өніміне лайықты баға қойылмауында жатса керек. Өкілдік директоры Рамазан Әсіп 3-класты бидайдың әр тон­насы 48-52 мың теңгеге баға­ланатынын айтып қалды. Түбір­лей сұрағанымызда «52 мың» межені бағындыру үшін қамырлылық 30-дан кем бол­мауы және өнім халықаралық стан­­­дарттарға сай келетін арна­йы қапшықтарға салынуы қа­жет екенін айтты. Баға қанша қызықтырса да, бұл талапты орындауға екінің бірінің қар­жылық шамасы келе бермеді. Осы­лайша, не шетелге, не мемлекетке өткізе алмаған соң дел­далдарға саудалауға, ал түскен азын-аулақ табысты алған не­сиені жабуға , бюджет салығын тө­леуге мәжбүр болады.

Хош, сонымен кәсіпкерлер палатасы, тағы басқа мүдделі ұйымдардың ұсыныс-тілек­тері топтастырылып, об­лыс­тық әкімдік атынан тиісті ми­нистрліктерге хат жолдан­­ға­нын естіп, оның қорытынды­сын білу үшін ат басын Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясына бұр­дық. Өйткені біз жоғарыда сөз еткен жиында астық тасу құжаттарын ресімдеуде қағаз­бастылықтың, әкімшілік кедергілердің жиі орын алатыны, алыс аудандағылардың фитосанитарлық рұқсат алу үшін облыс орталығына сабылатыны, республикалық вете­ринарлық зертхананың бір­ден-бір бөлімшесі Петропавл қала­сында ғана орналасқаны, оның мерзімі екі аптаға дейін созылып кететіні, демалыс күндері тиісті мемлекеттік мекемелер­дің есігінде қара құлып тұраты­ны айтылған болатын. Алайда бізге берілген жазбаша жауап ауанынан аңғарғанымыздай мәселе сиырқұйымшақтанып, тағы да тұйыққа тірелгендей. Себебі, қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызметтер көрсету қарастырылмаған. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар бұйрықтары мен ере­желеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, бұл мәселенің шешім табуы ұзақ уақытқа созылатын сыңайлы. Жаз айында жұмыс тобының бір отырысы өткенімен, ортақ қо­рытындыға келе алмағанға ұқ­сайды. Өнім сапасын айғақ­тайтын құжат «Қазагроэкс» АҚ-тың жергілікті бөлімшесінен алынады. Салық органдарына бірқатар құжаттар тапсырылады. Құжаттық ресімдеу тізбегі осылайша жалғасып кете береді. 

Темір жол бойындағы келең­сіздіктерге апталап күтуге тура келетін шамадан тыс қағаз­­­бастылықты қоссақ, шаруа адамы­ның жүйкесі темір емес­тігін, оның соңы нарық та қарық қылмайды екен деген түңілушілік пен сарыуайым­ға соқтыратынын амалсыз ұққандай боласың.   

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

 Солтүстік Қазақстан облысы