• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2017

Шемонаихада түзеу мекемесінде спартакиада өтті

392 рет
көрсетілді

Шемонаиха ауданының прокуратурасы «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің» жобасын жүзеге асыруын жалғастыруда.

Аудан прокуратурасы дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ОВ 156/6 түзеу мекемесінде спартакиада өткізді.

Сотталғандар шағын футбол, үстел теннисі және волейболдан жарыстарға қатысты. Шемонаиха ауданының прокуроры Александр Акулов спартакиаданы ашқан сөзінде осындай шаралар сотталғандардың қайта тәрбиелеуіне әсер ететінін, әлеуметтік қажетті қасиеттерін қалыптастыратынын, адамның өз  мәртебесін, қайсарлығын, намысын, жеңіске деген құштарлығы мен қарсыласына сыйлыстықты арттыратынын атап өтті. Бұл туралы Шемонаиха ауданының прокуратурасы хабарлады.

Шағын футбол жарысына  9 адамнан құралған 10 команда қатысты. Бір құрама команда түзеу мекемесінің қызметкерлерінен құрылды. Волейболдан 4, ал үстел теннисі бойынша 10 команда қатысты.  Жарыс қорытындылары бойынша Шемонаиха ауданының прокуроры барлық жеңімпаздарды кубоктармен, дипломдар мен жүлделермен марапаттады. Командалық спорт түрлеріндегі номинациялар бойынша сотталғандар марапат ретінде туыстарымен скайп арқылы жүздесіп, жеке карточаларына мадақтаулар енгізілді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы