Әкімдіктің және ұстаздардың ұйытқы болуымен Шымкенттің оқушыларына қазақ тілінің латын әрпіндегі жаңа әліппесі таныстырылды.
Болашақ жаңа қалашық «Шымкент ситидің» аумағында өткен іс-шараға 2500-ден астам оқушы қатысты. Олар асфальт және мольбертке сурет салу конкурсында сынға түсті. Балдырғандардың қатысуымен флешмоб өтті.
Анықтама үшін айта кетейік, «Шымкент сити» жобасы 2015 жылы Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында таныстырылған болатын. Мұндағы жоба бойынша 427 гектар аумақта 70 мың тұрғынға шақталған қалашық салынады. Қазір бұл шағын ауданда 7 жол мен 20 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Алдағы уақытта мұнда көп қабатты 316 үй салынып, жалпы аудан 12 орамға бөлінеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар орта мектептер, балабақшалар мен үлкен саябақ та салынады.
Балдырғандар жаңа әліпби таңбаларын қолдану арқылы мемлекеттік саясатқа осылайша өз үлестерін қосып жатыр. Латын әліпбиі арқылы өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді.
Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы