• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2017

Қазақ баласының тенниске икемі зор

572 рет
көрсетілді

Соңғы он жылда Қазақстан спорты қарыштап дамыды. Бұрындары біздің елді боксшылар мен балуандардың елі деп санаса, осы күндері өзге де спорт түрлерінен ұпайымыз түгенделіп келеді. Қазақстандық теннисшілер қазір әлемдік спорт сахнасына шығып, еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Жалпы, еліміздегі теннистің дамуы Ұлттық құраманың капитаны Диас Досқараевпен етене байланысты. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Америка Құрама Штаттарынан мол тәжірибе жинап келген маман теннистің тыныс-тіршілігін бес саусақтай біледі.

– Диас мырза, әңгімені мұхиттың арғы бетінде игерген тәжірибеңізден бастасақ.

– Мұхиттың арғы жағында жүріп мол тәжірибе жинақтадым. Алабама штатында бапкер болып қызмет еттім. Одан кейін Калифорния штатындағы Монтеррей қаласында менеджерлікпен айналыс­тым. Ал сосын Нью-Йорк қаласындағы «Стратмор Вандербилд» академиясында басшылық қызметте болдым. Жинаған бар тәжірибемді ел теннисіне беру өзімнің азаматтық парызым деп санадым. Келдім де білекті сыбана іске кірістім. Ол кезде теннис спорты өте нашар жағдайда болатын.

– Өзіңіз келгеннен кейінгі отандық теннистің жай-жағдайы туралы не айтасыз?

– Әрине бүгінде белгілі бір жетістікке жетсек, ол күллі Қазақстан Теннис федерациясының еңбегі. Біз алдымызға мақсат қойып, жұмыла іске кірістік. Әйтпесе, «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дейді ғой. Біріншіден, осы қауымдастықты басқаратын Болат Өтемұратов зор еңбек сіңірді. Кей кезде жарыс өткізуге қаржы жетпеген шақта ол кісі тығырықтан шығудың амалын тапты. Осындай бар жан-тәнімен спортты сүйетін Атымтай-жомарттар болмаса, бір орында тұралап қалушы едік. Қауымдастық басшысы қаншама маңызды шаруаларын ысырып қойып, таңертеңмен келіп жасөспірімдер турнирін тамашалайды. Зарина, Гүзелдер шетелдерде қалай ойнап жатқанын ғаламтордан қарап, біліп отырады. Тенниске деген қызығушылығы өте жоғары. Федерацияның қазіргі басшысы болмаса дәл қазіргі мынандай жағдайға жете алмас едік.

Ең алғашқы жобамыз балалар теннисі еді. Еліміздің аймақтарында осы спортпен айналысатын жеткіншектер санын көбейтуге басымдық бердік. Сол кезде теннис үйірмелерінде бүкіл республика бойынша 500 бала жаттығатын. Ал қазір оның саны 6 есеге, яғни 3000 балаға өсті. Демек, біз дұрыс бағытта жұмыс істеп жатырмыз деген сөз.

– Көптеген жанкүйерлер құрамаға Кукушкин, Голубев, Недовесов секілді ле­гио­нер­лерді шақырғанымыз дұрыс емес деп айтып жатады. Осыған келісе­сіз бе?

– 2007 жылы Теннис федерациясы жаңа бастама көтеріп, елдегі теннисті дамыту жайында алғашқы қадамдар жасады. Сол шақта Қазақстанда Алексей Кедрюктен өзге теннисші болмап еді. Біз амал жоқ, легионерлерді шақыруға мәжбүр болдық. Олар ұлттық құраманың деңгейін көтерді және бір жағынан әлгі тенниске жазылған балалар үшін үлгі тұтар спортшыларға айналды. Жеткіншектеріміз соларға қарап бой түзеді. Егер биік нәтиже көрсетіп жүрген теннисшілеріміз болмаса, өрендер кімдерге қарап талпынады? Ал қазір өзіміздің теннисшілеріміз өсті. Хабибуллин, Евсеев, Попко секілді жігіттер сол легионерлердің деңгейіне жетіп қалды. Теннис әлеміндегі тұлғалар Қазақстанды көріп қатты таңғалады. 10 жыл бойы біздің құрама жеті мәрте әлемдік топта өнер көрсетті. Ресейдің өзі бір жыл ойнаса, екінші жылы жарыстың негізгі бөлігіне өте алмай қалады.

Ендігі мақсатымыз – легионерлердің қасына біртіндеп жергілікті таланттарымызды қоса беру, қоса беру. Қыздарымыз да тәуір нәтиже көрсетіп, өсіп келеді. Зари­на, Гүзел, Жібек, Камила секілді қыздары­мыз қазір ірі турнирлерде жеңіске жетіп жүр. Алдағы бес жылға қойған мақса­ты­мыз – әлемдік рейтингтің алғашқы жүз­ді­­гіне отандық мектептен түлеп шыққан 2 тен­нисшіні кіргізу. Сол үшін еңбек ету­де­міз.

– Сіз атаған теннисшілерден бөлек, тағы да өсіп келе жатқан таланттар бар ма? Есімдерін қазірден бастап біліп жү­рейік.

– Біз айтып отырған он жыл ішінде Ха­бибулин секілді теннисші шықты. Бірақ оның бәсекелестері Евсеев пен Хасанов қана. Демек, біздің алдағы мақсатымыз осындай теннисшілердің санын 15-20-ға дейін арттыру. Саннан сапаға көшу. Ел ішінде теннисшілер арасында бәсеке жо­ғары болса, онда олардың деңгейлері де жоғары болмақ. Соның арқасында ұлт­тық құрамаға да үздіктерін таңдап алар едік. Мысалы, қазір 12 жастағы ұл-қыз­дар арасында бәсеке жоғары. Сол жастағы жеткіншектердің арасындағы турнирлердің бәрінде жеңімпаз әртүрлі. Бір-бірін жеңіп, үнемі бәсекеде жүреді. Қазір Павлодар қаласында Ростислав Голь­фин, Илья Ветметь, Тараз қаласында Данияр Қалдыбеков секілді жас таланттар өсіп келеді. Ресейден келген маман Сопкин біздің қызылордалық жас талантымыз Ерасыл Ерділдәні көріп «мына талантты қайдан таптыңдар», деп бас шайқады. Әйтсе де, аймақтарда бәсекелестік өте нашар. Сондықтан да біз оларды Астанадағы орталыққа алып келеміз. Мұнда балаларға бүкіл жағдай жасалынған. Қонақүй, сабақ оқитын жері, жаттығатын корттары – барлығын заманауи технология бойынша жасалған.

– Бапкерлер тенниске кейбір ұлт­тардың икемі өзгеше болады дейді. Ағыл­шындар ойланып ойнаса, амери­ка­лықтар қара күшке салады. Ал қазақ балалары бес сеттік ойындарда мық­ты екен. Олар көбінесе құм­дауыт тө­се­ніште, ауыр кездесулерге бейім­делген дейді. Сіз осы тұжырым­мен келісесіз бе?

– Жоқ, келісе алмаймын. Ондай пікір­лер айтылып жүргенін білемін. Алайда теннис қазір қатты дамып кетті. Жаттығу мәнері де өзгерді. Қазақ балалары теннис ойнай алмайды дегенді де естігенбіз. Бірақ оның барлығы да қасаң пікірлер. Теннис те ұлтқа бөлінбейді. Кез келген ұлт өкілі даңқты теннисші болуы мүмкін. Тек 5-6 жасынан бастап жаттығуы керек. Қыздар теннисінде бір-екі элементті жақсы жасаса, жемісті нәтиже көрсете алады. Ал ерлер теннисінде барлығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Соққысы, жүгірісі, алаңды көре білуі, ойлануы – барлығы біркелкі мықты болмаса, жетістікке жетуі қиын. Осындай қабілеті бар қазақ балалары жетіп артылады. Тек оларға дұрыс бағыт көрсету қажет.

– Он жыл ішінде жеткен жетістік­теріміз аз емес. Ел теннисінің одан әрі қарқындап дамуына не жетіспейді? Алдағы мақсаттарыңыз қалай болмақ?

– Ең алдымен тенниспен айналысу үшін жағдай жасауымыз керек. Егер корттар болмаса, теннис қалай дамысын. Келесі жылы Астанада «Жерұйық» паркінде корт салынады. Өйткені қалалық спорт басқармасында тенниспен айналысқысы келетін 300 баланың өтініші жатыр. Демек, елордамызға тағы бір орталық керек деген сөз. Сонымен қатар Алматы, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында да корттар ашылады. Инфрақұрылымды күшейтуіміз қажет.

Содан кейін, жас жеткіншектердің деңгейін көтерсек дейміз. Әр жастағы Азия біріншіліктеріне қатысып, жүлде алсақ деп жоспарлап отырмыз. Жапония, Аустралия секілді мықты құрамалармен бәсекелесе алсақ, жаман болмағанымыз. Қыздар құрамасын күшейту – басты мақсаттарымыздың бірі. Азия ойындарында тек бір рет қана қола жүлде алдық. Осы нәтижелерді арттыра түссек, әлемдік аренада абыройымыз өсе түсетіні анық.

Аймақтардағы бапкерлерді көбейту әрі олардың деңгейін де өсіруіміз қажет. Жыл бойы оларды оқытуды жалғастыра берсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз.

– Ұлттық құрамамыз Дэвис кубогында Швейцарияға қарсылас атанды. Бұл команданы жеңуге мүмкіндік бар деп ойлайсыз ба?

– Әрине, бар. Швейцария құрамасынан өткен жолы жеңіліп қалдық. Бірақ алғашқы күні оларды ұтқанымыз естеріңізде шығар. Бұл жолы Роджер Федерер келмейтін секілді. Ол Дэвис кубогын жеңгеннен кейін ұлттық құрамаға ойнамаймын деді. Жеке турнирлерінің өзі бастан асады. Ал егер Вавринка келетін болса, оның да ойын тәжірибесі нашар. Себебі жарты жыл бойы жарақаттан емделіп, кортқа шықпады. Лаксоннен деген теннисшісін тәжірибелі деп айту қиын. Сондықтан да өз жерімізде Швейцарияны жеңуімізге әбден болады. Егер жеңсек тарихымызда тұңғыш рет жартылай финалға шығамыз. Осыған дейін қаншама мүмкіндігіміз болып, сол межеге жете алмай қалып жаттық. Бәлкім, осы жолы бағымыз жанар.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Ермұхамед МӘУЛЕН,

«Егемен Қазақстан»