• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2017

Алары да, берері де көп

261 рет
көрсетілді

Өзбек пен қазақ түбі бір түркі балалары болуымен өзара жақындай түседі. Екі ұлт бір-біріне кірігіп, құдаласып, қораласып жатуының нәтижесінде бүгінде Өзбекстанда 1 миллиондай қазақ өмір сүріп жатса, Қазақстанда 0,5 миллионға жуық өзбек тұрып жатыр. Екі мемлекет те өз диаспораларына қамқорлық жасауға мүдделі.

Өзбек-қазақ халықтары­ның ортақ шекарасы да ұзын – 2351 шақырым. Шекараның бейбіт қатынастардың тірегі болуына екі ел де мүдделі. Се­бебі, бейбітшілік пен өз­ара татулыққа, ынтымақ пен одақ­тастыққа зиянын тигізетін діни экстремизмді, халықаралық терроризмді, наркотрафикті, заңсыз сауданы ауыздықтау екі мемлекет үшін де аса пайдалы. Әлемдік қауіп-қатердің көзіне айналып отырған Ауған­­станда жағдайдың тұ­рақ­талуы мақсатында екі ел көп шаралар атқаруда.

Әсі­ресе Сириядағы соғыстан ығыс­­қан ИЛИМ (ДАИШ) со­дыр­ларының Ауғанстан жері­нің солтүстігінде жаңадан шо­ғыр­­лануына Өзбекстан мен Қа­зақ­стан басшылығы бірдей алаңдаушылық білдіруде. Орталық Азия мемлекеттеріне тұрақсыздық әкелетін діни радикализмнің күшеюіне жол бермеу Ауғанстандағы діни ахуал­дың және этносаралық татулықтың нығаюына байланысты. Бұл үрдіске Өз­бек­стан мен Қазақстанның қол­дау­ көрсетуі маңызды. Сон­дық­тан Ауғанстанда ауыл шаруашылығын, өндіріс саласын дамытуға екі ел де атсалысуда.

Өзбекстан президенті Шав­­кат Мирзиёевтің прагма­тис­тік саясат ұстануы екі ел­ ара­сындағы алыс-беріс­ті жақ­сарта түсті. Өзбек халқы­ның құрметіне бөлен­ген Ис­­лам Каримов пен Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев негізін салған екі елдің достастығы мен страте­гиялық әріп­тестік дәстүрі белсенді жал­ғасуда, жаңа са­па­лық дең­гейге көтерілуде...

Екі елдің басшылары жыл сайын міндетті түрде кез­де­суді дәстүрге айналдырды. Осы жылдың наурыз айын­да Шавкат Мирзиёев Қа­­зақ­станға сапармен келсе, қыркүйек айында Н. Назар­баев Өзбекстанға барды. ­Са­пар барасында «2017-2019 жылдарға арналған эко­номикалық ынтымақтасу стратегиясына» қол қойылды. Ал Астанадағы бизнес-форум­да екі ел бизнесмендері 1 млрд доллардың келісімдерін ­жа­сас­ты. Бірлескен Ravon авто­көліктерін құрастыру зауы­тын салу Қостанайда бас­талды. 2020 жылға қарай екі ел арасындағы сауда-саттық көле­мін 5 млрд долларға дейін жет­кізу міндеті қойылып отыр. Сондай-ақ Алматы–Таш­­кент темір жолы қайтадан іске қосылды. Маусым айынан бас­тап Самарқанд–Ташкент–Ас­тана темір жолы пайдаланыла бастады. Сонымен қатар, Шымкент–Ташкент, Алматы–Ташкент автобус рейстері қал­­пына келтірілді.

Бәсеңсіген рухани, мәдени байланыстарды жандандыру жайы қолға алынуда. Өзбек басшылығы 1 миллионға жуық қазақ диаспорасының ұлт­тық келбетін сақтауға қам­­қорлық көрсетуде. Қазақ ұлттық-фоль­­к­лорлық, эстрадалық ­ансам­б­­л­ь­дері жұ­мыс істеуде. Өз­­бек­­стан Жа­зушылар одағы жа­нынан қа­зақ әдебиеті жө­ніндегі кеңес ашыл­ған. Ке­йін­гі жылдардағы өз­бек-қа­­­зақ қатынастарындағы оң­ өзге­рістерді тереңдете бе­ру екі ел басшылығының стра­те­­гиялық міндеттерінің қа­та­­рында.

Себебі Орталық Азия­­­­дағы тыныштық пен бей­­біт­­шіліктің сақталуы екі ел­дің ресми ұстанымдарына тәуелді. Екіншіден, екі ел экономикасының біріне-бірі берері көп. Әсіресе ауыл ша­руа­шылығында өтімді та­уарлар жеткілікті. Оңтүстік Қа­зақстан ет өнімдерін Өз­бекстанға көптеп өткізуіне бо­­лады. Үшіншіден, екі елдің ішін­дегі екі ірі ­диаспора тығыз әлеу­меттік-экономикалық жә­не­ саяси байланыстарды, өз­ара достықты талап ете­ді. Төр­тіншіден, 2,3 мың ша­қы­рым болатын шекараны та­ту-тәтті елдер арасындағы дос­тық пен ынтымақтың ғана көпірі ете білгеніміз абзал.

 

Сайын БОРБАСОВ,

саяси ғылымдар докторы, профессор