• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қаңтар, 2018

Қазақстанда 2017 жылы ет өндірісі 9,7% артқан

438 рет
көрсетілді

Қазақстанда ет өндіру көлемі 2017 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 241 771 тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,7% көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

 

Аталған мерзімде өндірілген сүт көлемі 481 888 тоннаны, (өсім алдындағы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2% көп), ұн 4 121 728 тоннаны (+3,7%), нан 720 510 тоннаны (-1,3%), жарма 70 535 тоннаны (+22,6%) құрады.