Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қазақстандағы орнықты даму саясаты дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқанын тағы бір мәрте паш етіп отыр.
Парламенттің және Үкіметтің алдына қойылған міндеттер әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену жөніндегі қарқынды қадамын қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекет басшысы еңбек етіп жатқан тұрғындарды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау саясатын жалғастырып келеді. Еліміздегі ұстаздар қауымын нақты қолдау бұл еліміздің алдағы ондаған жылдардағы саналы және білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші болып отыр. Мұғалімдер беделін көтеру және оларды материалдық тұрғыда қолдау – олардың лауазымдық еңбекақысын ұлғайту ғана емес, оқытушы мамандығының абыройын көтеруге, ең алдымен мұғалім біліктілігін жетілдіруге ынталандыруға, өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін меңгеруге ықпал етеді. Жолдауда белгіленген әлеуметтік сала бойынша мақсат-міндеттер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқына деген шынайы қамқорлығының көрінісі болып табылады.
Бірғаным ӘЙТІМОВА, Парламент Сенатының депутаты