• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қаңтар, 2018

Талдықорған әкімі: Өңірлерге нақты назар аудару жемісті нәтиже береді

219 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­да­йындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – егемен елі­міздің тұрақты дамуын қам­титын, мемлекетіміздің барлық сала­сына серпін беретін, халқы­мыз­дың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған құнды құжат.

Биылғы Жолдауда Елбасы елдік мұраттармен қатар, өңірлер­дің тұрмыс-тіршілігіне де арнайы тоқталып, шынайы көңіл бөл­гені бізді қуантты. Бұл біздің жұмы­сымызға ерекше серпін беріп, айрықша жауапкершілік жүктейді. Қазірдің өзінде бұған толық негіз бар. Атап айт­қан­да, Талдықорған қаласы жыл­­дан-жылға жаңа нысандар мен сәулетті ғимараттармен толы­ғуда. Солардың ішіндегі айта кетерлігі – қалада бір­ден 2 үлкен ғимараттың іргесі қалануы. Салтанат сарайы мен Көрме кешені көз қуан­тып, қараша айында қатары­нан қол­данысқа берілді. Талды­қор­ғандық жас жұбайлар некелерін бұдан былай үлкен салтанат сарайында қияды. Жаңа неке сарайы сәулеті жағынан қалаға ерекше көрік беріп қана қоймай, азаматтық хал актілерін тіркеп, 8 түрлі қызмет көрсетеді. Ал шаһар­­дың оңтүстік-батыс бөлі­гін­де ор­на­ласқан көрме алаңы 4,5 мың шаршы метр аумақта, мұнда кә­сіп­­орындар өз өнімдерін жұрт на­за­рына ұсына алады. Екін­ші қа­ба­тында білікті мамандар кә­сіп­кер­­лер­ге әр­түрлі қызметтер көр­сетеді.

Мемлекет басшысы Жолдау­да «Әкімдер тұрғын үй-комму­налдық инфрақұрылымын жетіл­діру мәселесін мемлекет-жеке­меншік әріптестігі негізінде белсенді шешуі керек», деп ай­қын міндет артты. Бұл бағытта Талдықорған қаласында бір­қатар жұмыстар қолға алынған болатын. Өткен жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» арадағы әріптестік келісім негі­зінде екі нысан құрылысы бас­талса, биылғы жылы тағы екі компания өз ұсыныстарын білдіріп, қала әкімдігімен жұмыс істеуге ынта білдіріп отыр.

Сондай-ақ ауылдық елді мекен­­дерді сапалы ауызсумен қам­та­­масыз ету бойынша бізде жұмыс белсенді атқарылып, өт­кен жылы «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасының аясында ұзындығы 27 шақырым болатын сумен жаб­дықтау желілерін қайта құры­лым­дау жұмыстары аяқ­талды. Ал биылғы жылы бұ­рын­ғы иесіз қал­ған бірыңғай сыртқы сумен жаб­дықтау және суды бұру желілерін қайта өңдеу жұмыстары бойынша 2 жобаның жұмысы жалғасуда.

Сонымен қатар Мемлекет басшы­сының «Білім беру бағ­дар­ламаларының негізгі ба­сым­дығы өзгерістерге үнемі бейім болуы және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», дегені дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Мектепке дейінгі білім беру ісінде бала­лар­дың ерте дамуы үшін өз бетін­ше оқу машығы мен әлеумет­тік дағдысын дамы­­татын бағдарла­ма­лардың бір­ың­­ғай стандарт­тарын енгізу қажеттігі заман талабы. Осыған орай бүгінгі күні Тал­ды­қ­ор­ғанда мектепке дейінгі меке­меде 3 және 6 жастағы бала­лар балабақшамен 95,7 пайыз қам­тылғанын айта аламын. Біз мұнымен тоқтап қалмай, ал­­­дағы уақытта Елбасының тап­сыр­масының орындалуын жалғас­тырып, кезекте тұрған балалар санын азайтуға күш сала бермекпіз.

Жер жәннаты Жетісудың кін­дік қаласы Талдықорғанда түрлі этностар татулықта өмір сүруде. Осы орайда Елбасының этнос­тық топ өкілдері туралы пікі­рін қызу қуаттаймыз. 74 ұлт және ұлыс өкілі тұратын қала­­мыз­да ешқашан ұлтаралық алауы­здық болған емес.

Ал Жолдаудағы өңірлік дең­гейде бизнес-климатты жақ­сарту туралы ұсынысты мейлін­ше қолдаймын. Жыл қоры­тын­дысы бойынша Талдықорғанда өнеркәсіпте 66,2 млрд теңгенің өнімдері өндірілді. Қолданысқа 4 жаңа өндіріс орны берілді және 3 жұмыс істеп тұрған өндіріс кеңейтілді. Нәтижесінде 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 116 жаңа жұмыс орны ашылды. 2017 жыл бойынша қайта өңдеу өндірісіндегі инвестиция 4,4 млрд теңгені құрайды, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық. Мұның бәрі әрине Елбасының өңірлерге назар аударуының нәтижесінде қол жет­­кен табыстар екені анық.

Бағдат ҚАРАСАЕВ, Талдықорған қаласының әкімі