Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.