• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2018

Қарсыз қаңтар

582 рет
көрсетілді

Ақсуаттықтар ақ мамық ұлпа қарды сағынды. Биыл қыс мезгілі басталғалы жарытып қар жауған жоқ. «Қар қалың жауса, сол жылы молшылық болады» деген болжам да бар ғой. Былтыр қалың қар коммуналдық қызметтегілерді, халықты біраз әбігерге салған-ды.  

Өткен жылы қаңтардың орта шенінде Ақсуаттағы «Нұр Отан» кеңсесі орналасқан ғимараттың алдын қардан тазалау сәтін журналистік әуестікпен суретке түсіріп алған едім. Сол жердің көрінісін биыл қаңтардың он үші күні барып тағы да суретке түсірдім. Екі жылғы су­рет екі түрлі. Былтырғы суретте коммуналдық қызмет жұ­мысшылары қалың қармен «арпалысып» жатыр. Биылғы суретте қар түспеген ашық алаң қараша айындағыдай сияқты.

Қазақта «Көкжиектен көте­рілген будақ бұлт көк жүзін жапса, аттың қара қапталынан келетін қар жауады» деген наным бар. Көктемге дейін әлі талай уақыт бар. Көжиектен будақ бұлт та көтерілер, көк жүзін жабар, аттың қара қапталынан келмесе де өз мөлшерімен ақ мамық қар да жауар. Қыс басталғалы қо­­лына күрек ұстамаған ақсуат­тықтар білектерін сыбанып, алақандарына түкіріп қар күреуге де шығар.

Хамза СӘТИЕВ, Қазақстанның құрметті журналисі

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы