Ұлыбританияның «Reuters» ақпараттық агенттігі «16 қаңтар күні Трамп Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі» деген атаумен мақала жариялады. Назарларыңызға мақаланың толық аударылған нұсқасын ұсынамыз.
Ақ үйдің баспасөз қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестінін хабарлады".
"Екі ел президенттері экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылайтын болады", делінген хабарламада.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі кезеңінде қаралатын Ауғанстан мен бірнеше халықаралық мәселелер туралы айтылатын болады.