• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2018

Қатерлі ісікті жеңген балдырғандар

1030 рет
көрсетілді

Әзірге бірден құлан-таза айық­тырып жіберетін емі жоқ дерттің бірі қатерлі ісік болып тұр. Дегенмен, ілуде біреу болса да онкологиялық ауруды жеңген адамдар кездесіп жатады. Демек, ағзаны білдірмей бүлдіретін, «бұзылған» жасушалардың әре­кеті медициналық ғылымда түп­кіл­ікті ашылған жоқ. Бірақ күрес жалғасуда. 

Соңғы деректерге көз салсақ, жылына елімізде 500-ден астам бала қа­тер­лі ісікке шалдығады. 2017 жылы 558 бала онкологиялық ауруларға шал­дық­қан. Ал обырдың шеңгелінен одан қорықпаған, өмірге деген құштар­лы­ғын жоғалтпағандар сирек болса да сытылып шығуда.

Жуырда, Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ор­талығында «Мен – жеңімпазбын!» қай­­ырымдылық жобасы аясында қа­тер­лі дертті жеңген балалар туралы екі бірдей әлеуметтік бейнебаян көр­се­тілді. Тұсаукесер аясында ха­лық­тың он­кологиялық дертке қатысты сау­ат­ты­лығын арттыру мақ­­сатында баспасөз мә­слихаты өт­ті.

«Мен – жеңімпазбын!» жобасы – қа­тер­лі дерттің алдын алуға болатынын ескертіп, оны асқындырмай ерте бас­тан анықтап, дер кезінде қаралудың өмір­лік маңызы зор екендігін еске салатын қайырымдылық шарасы. Бұл жоба ауыр сырқатқа шалдыққан балалар мен олар­дың ата-аналарына жан-жақты көмек көр­сетуге ұмтылуда.

Жоба аясында түсірілген әлеуметтік ро­ликте ауыр дертті жеңе білген қайсар ба­лалардың өмірі баяндалады. Жаңа бейнебаяндардың кейіпкерлері – Алма­ты­дағы Педиатрия және балалар хи­рургиясы ғылыми орталығы мен Астана қаласындағы Ана мен бала ғы­лыми орталығында ем алып жатқан ба­лалар.

6 жастағы Ақерке Асылбек анасымен бірге баспасөз мәслихатына қ­а­ты­сып, емделмейді деген дертті қалай жең­гендері туралы айтып, шараға қа­ты­сушы, орталықта ем алушы балалар мен олардың ата-аналарына үміт сыйлады. Үш жарым жасында жіті лимфобласталық лейкозға, яғни ақ қан ауруына шалдыққан ол орталықта 9 ай бойы емделген. Қазіргі уақытта балақай оңалып, ауруының беті қайтуда.

«Ауыр күндердің бәрі артта қалды, шүкір! Алғаш рет ауру туралы естігенде мең-зең болып қалдық. Жыладық. Бізге орталық мамандары да, психологтар да көмектесті. Сосын өзімізді сабырға ша­қырып, баламызға бәрі жақсы болады, жа­зылып кетесің деп уайым-қай­ғыға же­ңілмеуге тырыстық. Қызым өмір­­ді өте жақсы көреді, бұл да жеңуге оң әсерін тигізді. Қызым ақжарқын, су­рет салуды, бимен айналысуды ұна­тады. Ол күнде, ең алдымен, өзіне емес, барлық бала жазылып кетсінші, ауыр­масыншы деп тілек айтады. Біздің үмі­тіміз бен сеніміміздің тірегі бола біл­ген Педиатрия орталығының білікті дә­рі­герлеріне зор алғысымды айтамын! Бі­з ауыл, аудан, облыстан кейін сенім ар­тып осы орталыққа соңғы үмітімізбен кел­ген едік. Мен барша ата-аналарға үміт отын сөндірмеңіздер, күресіңіздер дегім келеді. Ең алдымен, баладан бұ­рын ата-аналары мықты болуы керек», де­ді Ақеркенің анасы, Жамбыл өңірінен кел­ген Нұргүл Манекеева.

Елімізде балалардағы онкологиялық ауруларды емдейтін екі ірі орталық бар. Оның бірі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болса, екіншісі, Астанадағы Ана мен бала орталығы. Ауыр жағдайдағы ба­ла­лардың барлығы көбіне Педиатрия ор­талығына келіп түседі. Педиатрия ор­талығындағы балалар онкологиясы және гематология бөлімі 115 орынға ар­налған. Мұнда жылына 2500 бала ем­д­еледі. Бұл бөлімде күндізгі стационар негізінде онкологиялық, гема­то­лог­иялық патологиясы бар, сирек және рев­матологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге стационар алмастыратын кө­мек көрсетіледі. Орталықтың онкоге­матологиялық қызметі ашылғалы бері 5 мыңнан аса лейкоз, яғни ақ қан ауру­ына шалдыққан, 10 мыңнан аса он­ко­-гематологиялық аурулардың ауыр тү­рімен ауырған балалар қаралып, ем­деліп шықты. Балалардың барлығы бұ­рын квотамен түссе, қазір электронды пор­тал арқылы келеді. Айта кетерлігі, онкологиялық ауруларға кезек мүлде жоқ.

«Қазақстанда жылына орта есеппен алғанда 500-ден астам бала ауыр дертке ұшырап, дәрігерлерге жүгінеді. 2017 жылы 558 бала онкологиялық ау­ру­ларға шалдыққан. Оның 230-ы лейкоз, ақ қан ауруы. Бұл ауру көп жағдайда туа салысымен және 3 жас­­қа дейінгі аралықта анықталуда. Онко­логиялық аурулардың жартысы туабітті және гендік. Қуантатын жағ­дай, қазіргі таңда қатерлі ісік дерегі азай­ып келеді. Біріншіден, арнайы бағ­дарлама жасалып, ауруды дәл анық­тайтын диагностика жақсарды. Бұ­рын бала туғаннан кейін көп ұзамай шетінеп кететін. Оның қатерлі ісіктен көз жұмғанын ата-анасы, тіпті, дәрігер де білмей қалатын еді. Қазір бұл дерт емделетін болды. Се­нім болса жазылып кетеді. Өкі­ніш­тісі, сауығып кеткен ба­лалардың кей­бірінде дерт қайталануы мүм­кін. Осы қайталанушылық аурудың санын арт­тырып отыр. 20 жыл бұрын лей­коз ем­делмеген. Қазір балалардың кө­бі жазы­лып кетуде», – деді Педиатрия орта­лы­ғының директоры Риза Боранбаева.

2012 жылдан бастап орталықта ең күрделі заманауи жоғары технология әдісі – трансплантация әдісі қолданылып жатыр. «Нақты айтқанда, күрделі онко­логиялық және гематологиялық ауру­ла­рға шалдыққан балаларды емдеуде ге­мопоэздік өзектік жасушаларды тран­сплан­тациялау, сүйек кемігін ауыс­тыруды қолға алдық. Онкологиялық және онкогематологиялық ауруларға шал­дыққан балаларға өмір сүруге мүм­кіндік беретін 70-тен астам гемо­поэздік өзектік жасушалар (ГӨЖ) трансплантациясы операциясы жасалынып, бұл ауруды емдеудің жаңа әді­сі меңгерілді. 2017 жылдан туыс­тық донордан гемопоэздік өзектік жасу­ша­лард­ың (ГӨЖ) гаплоұқсас трансплан­та­циялауды енгіздік. Бұл ота бойынша 2017 жылы 47 трансплантация жасасақ, алдыңғы жылы 12 ота жасаған едік. Қазіргі уақытта бұл терапияға үл­кен мән беріліп келеді», – деді Риза Боранбаева.

Дәрігерлер балалардың тезірек сауығып кетуіне эмоциялық жағдай да әсер ететіндігін алға тартуда. Бұл жағ­дайды ескерген Педиатрия ортал­ы­ғы бір мезет ауруды ұмыттыру үшін түр­лі шаралар ұйымдастыруды қолға ал­ған. Мә­селен, кішігірім концерт, театр­лан­дырылған қойылым қою, «Се­ну жә­не өмір сүру» сынды түрлі форум­дар­ға қатысу және басқа да амалдар бар.

Қоғамдық және қайырымдылық игі істермен 3 жылдан бері айналысып келе жатқан «Help Today» қоғам­дық қо­рының төрайымы Эльмира Әлиева «Мен – жеңімпазбын!» сияқты әлеу­мет­тік бейнебаяндарды түсірудегі басты мақ­с­ат қоғамға ауыр сырқатты жеңуге бола­тынын жеткізу екендігін айтады.

Қоғамның бір мұңын да болса азай­туға септігін тигізіп, қайырымды істер­дің басы-қасында жүрген ұйым осы жыл­­дар ішінде мүмкіндігі шектеулі 50-ден астам балаға көмек көрсетіп, жүз­деген қайырымдылық акциялар мен жәр­меңке, қайырымдылық концерттер сын­ды түрлі шаралар өткізіп келеді.

Таныстырылымы өткен екі әлеу­мет­тік роликтер жобаға қолдау білдір­ген «Business TV» мен «KazDesign Production» продюссерлік компа­ния­лардың көмегімен тегін түрде жа­сал­ған. Үміт сыйлайтын, өмір сүру­ге құл­шыныс беретін әлеуметтік ролик­тер­ді қо­ғамдық орындарда шығаруға Алматы қа­ласы прокуратурасы да атсалысқалы отыр.   

Жобаға Денсаулық сақтау министр­лігі, Педиатрия және балалар хирур­гиясы ғылыми орталығы, Ана мен бала ғы­лыми орталығы, «UMC» кор­пора­тив­тік қоры, Алматы қаласы прокуратурасы, «Business TV» мен «KazDesign Production» продюсерлік компаниялары, «Еларна» киноканалы, «Questoria» агенттігі қолдау білдірді.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ