• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қаңтар, 2018

Астана бейбіт пікірталастар орталығына айналды. Шетел басылымдарына шолу

354 рет
көрсетілді

THE HILL

Өткен аптада Дональд Трамп Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, дипломатиялық жетістікке жетті. Қытай және Ресеймен шекаралас Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздігін алғаннан бері үлкен жетістіктерге жеткен негізгі мемлекет және Еуразияның жүрегі.

Қазақстан ядролық арсеналдан бас тартып, бүгінгі таңда Солтүстік Корея мен Иранға жақсы үлгі болып отыр. Шетелдік компаниялар Қазақстанға тәуелсіздік жылдары 300 млн доллар инвестиция салған. Оның ішінде 50 млн доллар мұнай, газ, уран мен металдардан тұратын табиғи байлықты дамытуға жұмсалған. Дүниежүзілік банктің айтуынша, бұл елдегі ІЖӨ де жоғары.

Қазақстан дипломатиялық келіссөздер өткізіп, бейтарап платформа ұсынды. Мысалы, Астанада Сирия бойынша келіссөздер өткізілді. Трамппен кездесуде Н.Назарбаев Солтүстік Корея мәселесі бойынша да келіссөздер алаңын ұсынуға әзір екенін айтты.

АҚШ Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымына кіруге және әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге талпынысын қолдайды.

THE FORBES

Нью-Йорктегі Линкольн орталығында Астана балет театры өнер көрсетті. Онда біз Қазақстандағы балеттің барлық сұлулығы мен кәсіби шеберлігін байқадық. Спектакльде хореографиялық көркем айшықты да, тарихи элементтерді де көрдік. Бұған қазақтардың қанына сіңген көшпенді рух та септессе керек.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйге ғана емес, Нью-Йорктегі балетке де келді. Ол өз мемлекетін әлемге танытуға талпынып жүрген көшбасшы. Балетте біз қазақтардың әлемге өздерін қалай көрсете алатынына көз жеткіздік. Мұнайға бай басқа мемлекеттерге қарағанда Қазақстан әлеуметтік және мәдени бағытқа ерекше көңіл бөліп келеді.

Қазақстан Президенті қазақ халқының бірлігін нығайтып қана қоймай, басқа да этникалық топтардың арасында алауыздықтың болуына жол бермеді. Сонымен қатар Астананы халықаралық бейбіт пікірталастар ордасына айналдырды. АҚШ-қа келіп, әлемдік ірі мұнай компанияларымен келісімшартқа отырды.

REUTERS

Қазақстан Euroclear банкімен қазақстандық құнды қағаздарды еуропалық платформадан қорғауға мүмкіндік беретін келісімшартқа қол қойды. Бұл Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шетелдік инвесторларды көптеп тартуға мүмкіндік бермек. Бұған дейін Қазақстан Орталық банкі Euroclear-мен 2019 жылы жұмыс істей бастауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстанның Қаржы министрлігі, Астана қор биржасы, «Астана» Халықаралық орталық қор биржасы Euroclear-мен меморандумға отырды. Айта кету керек, Брюссельдің Euroclear компаниясы құнды қағаздардың Еуропадағы ең үлкен ордасы. Ал Astana International Exchange – аймақтық қаржы орталығын құруға арналған қор биржасы.

STRATFOR

Қазақстан энергетикалық ресурстарға бай, геосаяси мүмкіндігі жоғары мемлекет және ол Орталық Азиядағы басқа бес мемлектеке қарағанда экономикалық жағынан алда келеді. Қазақстан көршілес Қытай және Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

АҚШ-тың Пәкістанмен қарым-қатынасы нашарлай бастағандықтан, Вашингтон Қазақстанның сатртегиялық көмегін қажет етуі мүмкін. Тіпті, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен кездесуінде де осы мәселе айтылды.

ARMEDIA

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа баруы – тарихи сапар. Бұған дейін ол Америкаға 2016 жылы келді.

АҚШ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1991 жылдың 25 желтоқсанында басталды. Америка 1992 жылы қаңтарда бірінші болып Алматыда елшілігін ашты. Сол кезден бері екі мемлекет арасында көптеген салалар бойынша серіктестік дамып келеді. Қазақстанда америкалық капиталы бар 500 компания жұмыс істейді.

Д.Трамп пен Н.Назарбаев үш үкіметаралық келісімшартқа отырды. Оның ішінде халықаралық сауда, авиациялық қызметтер мен темір жол транзиті туралы келісім қамтылған. Н.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары Трампқа Қазақстанды көпір ете отырып Ресеймен қарым-қатынасын нығайтуға немесе Орталық Азиядағы жағдайға араласуға мүмкіндік береді.

Дайындаған

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»