• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 19 Ақпан, 2018

Биылғы Жолдау жоғары оқу орындарына серпіліс әкелді

339 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдаулары бір-бірін жүйелі түрде толықтырып отыратын құнды құжат. Биыл Президент әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқанына қарай жоспарлы іс-әрекеттерді белгілеп берді. 

Жолдауда айтылған «Ақыл­ды технологиялар», «Цифрлы дәуір», «Жасыл технология», «Үлкен деректер», «Цифрлы білім» «Адами капитал» мұның бәрі білім және ғылым жүйесі қыз­метінің нәтижесі. Жаңа іс-әре­кеттер білімнің салтанат құруы негізінде жүзеге аса­ды. Мем­лекет басшысы: «Көл-көсір мұ­найдың» дәуірі аяқ­та­лып ке­ле­ді» деп ескертіп, ал­дағы уа­қытта өзіндік жаңа иннова­ция­лық жобаларымен білім эко­но­миканың бөлек саласы болаты­нын меңзеп отыр. Осыған орай алдымызда жо­ғары білім беру мен ғылым­ды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету мін­деті тұр. Елбасы Жолдауда: «Педа­гог­тарды оқыту және олар­дың бі­лік­тілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Елі­міз­дің университеттеріндегі пе­­да­го­гикалық кафедралар мен фа­куль­теттерді дамыту қажет» дей­ді. Өте орынды. Себебі қан­дай ма­ман­дарды даярласақ та, кім­ге білім берсек те оны оқы­та­тын мұғалім. Сондықтан бі­рін­ші кезекте мұғалім кадрлар даяр­­­лаудың сапасын арттыру қа­жет. Ал біз өз деңгейінде жан-жақ­­ты білімді, сапалы педагог даяр­­лап жүрміз бе? Ойланатын мә­­­се­ле. Республика бойынша пе­­да­­­гог мамандар даярлайтын ша­ма­­­мен 73 жоғары оқу орны бар. Саны көп, сапасы күмәнді. Ке­­зін­­де республикамыз­дың ин­дус­т­риялық-инновациялық да­му бағ­дарламаларын орындау үшін қажетті кадрлар даярлай­тын базалық 11 жоғары оқу ор­ны анықталды. Әр оқу орны белгіленген бағыт және орналасу белдеулеріне (оңтүстік, сол­түстік, батыс, шығыс) қа­рай нақты бір салаға маман даяр­­­лайды. Оқу базасын, ма­те­­­риал­­дық жағдайын, білім бағ­­­дар­­ла­маларын сол салаға не­­гіз­дейді. Яғни сапалы білім бе­­ру­­ге барлық жағдай жасайды. Сол секілді педагогикалық ба­ғыт­та маман даярлайтын база­лық жоғары оқу орындарын анық­тап, оны аймақтық жердің ерек­шелігіне қарай жасақтап, шектеулі оқу орындарына ай­нал­дыру керек. Іріктелген п­е­да­­гогикалық жоғары оқу орын­­дары адам капиталының шо­ғыр­лануы, ғылымы, техни­ка­лық жабдықталуы, қаржы­лық қоры, академиялық еркін­дігі­мен ерекшеленіп, элиталы педа­го­ги­калық жоғары оқу орын­да­рына айналады. Бұған қоса атал­ған оқу орындарына түсу үшін үлкен конкурс болады да бәсеке артады, осылайша педа­гог мамандардың беделін жоға­ры­латуға болады деп ойлаймын.

Жыл сайын елімізде әр сала бойынша жоғары білімді мамандар қажеттілігіне тал­дау жүр­гізіледі. Сол талдау бойын­ша педагогикалық білімі бар мамандарға қажеттілік өсіп отыр. Мәселен, Алматы облы­сында педагог кадрлардың тап­шы­лығы әлі де орын алуда. Әсі­ресе ауылдық жерлерде бұл мұқтаждық қатты байқалады. Мұның бірінші себебі, 90-жыл­дары педагогикалық маман­дық­тарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Себебі заң­гер, экономист, қаржыгер маман­дықтарына сұраныс артып, жастардың басым бөлігі осы мамандықты игеруге тырыс­ты. Екінші себебі, «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» бағ­дар­ламалары жүзеге асыры­лып, мектептердің, мектепке де­йінгі мекемелердің көп­теп ашы­луына қатысты болса, үшін­ші, демографиялық жағ­­дай­дың жақсаруы, яғни оқу­шылар санының артуына бай­ланысты деп айтар едім. Тағы бір себебі, педагогикалық ма­ман­дық бойынша жоғары оқу орын­дарын үздік немесе жақсы бағамен бітірушілер ғылы­ми-педагогикалық қызметте жұ­мыс істегілері келмейді. Өйт­кені пе­да­­гогикалық қызмет­тің жалақы­сы аз болғандықтан «мәр­тебелі» мамандыққа санамай, өндіріс орындары немесе кәсіптік құрылымдарға кетуге тырысады. Бүгінде заман талабына лайық мамандарды, әсіресе математика және жаратылыстану ғылымдарын жақсы меңгерген жаңа формациядағы кадрларды білім мен өндіріс­тің, цифрлық технологиялардың тығыз байланысы негізінде дайындау қажеттігіне көзіміз жетіп отыр. Біз жаппай оқытудан бас тартып, жекелеген мамандар даярлауға бет бұруымыз қажет. Бұл үшін дуалды оқы­туды жетілдіріп, жұмыс беру­шімен тығыз байланыс орнатып, модульді білім беру бағ­дар­ла­малары арқылы маман даяр­лау қажет. Әлеуметтік әріптес­тік негізінде жұмыс берушілер кеңесін құрып, олардың талап-міндеттерін ескеру орынды. Әр маманды оқытуда жеке білім беру траекториясын құрып, мамандығының ерекше­лігі­не бай­ланысты қажет деген жағ­дайда өндіріс орнында дәріс жүргізу қажет дер едім. Сонда ғана білімі мен құ­зыр­лылығы төртінші револю­ция дәуіріне сай келетін сапалы кадр даярлаймыз және жұ­мыс­пен қамтамасыз етеміз. Пре­зидент «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасының жалға­саты­нын айтты. Әрине барлық жас­тардың жоғары білімге қолы жете бермейтіні анық. Оның объективті де, субъек­тивті де себептері бар. Жас­тарға ал­ғаш­қы білім мен мамандық иге­ру­ді мем­лекет өз міндетіне алып, тұр­мыстық қажеттілікті өтей алатын, қолынан іс келетін кәсі­би білімі бар орта қол мамандар­ды даярлауы қай жағынан болса да тиімді болмақ.

Марат МӘЛТЕКБАСОВ,

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор, 

Алматы облыстық мәслихатының депутаты