• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2018

Ластану көздері туралы ақпарат қолжетімді болады

2292 рет
көрсетілді

Түрлі өнеркәсіп орындары тарапынан қоршаған ортаға бөлінетін ластаушы заттар халық денсаулығына әсер етпей қоймайды. Әдетте, кәсіпорындарға жақын тұратын адамдар, тіпті кәсіпорын қызметкерлері өнеркәсіп орындарынан қандай заттардың және оның қандай мөлшерде бөлінетінін, тұрғылықты аумақтарына қандай қалдықтардың жиналатынын жақсы білмейді. Жыл сайын кәсіпорындардың бұл тараптағы есептері қоршаған ортаны қорғау органдарында жиналғанымен, халыққа нақты ақпарат жете бермейді. Осы мәселені шешуде ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін (ЛШТТ) құрудың маңызы зор.

Бұл жүйе дамыған елдерде қоршаған орта туралы ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады. Мәселен, экологиялық ақпа­ратқа жұртшылық құқығын қам­тамасыз ету үшін құрыл­ған Нидерланд еліндегі шыға­рын­дылар тіркелімі 1974 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ал АҚШ-тағы зиянды заттар шығарындыларының тір­ке­лімін 1980 жылдардың соңын­да америкалық кез келген кітапханадан кездестіруге болатын. 2003 жылы Киевте Еуро­паның 55 елінің экология министрлерінің кезекті кездесуінде ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарын тіркеу туралы арнайы хаттамаға қол қойылды. Соның негізінде ТМД елдері ұлттық тіркелімдерді құруға қатысты жұмыстарды қолға ала бастады.

Бұл жүйе шығарынды­лар­дың сипаты және саны туралы ақпарат беретін каталогтан немесе деректер базасынан, қауiптi химикаттарды тасымалдау бойынша ақпараттан тұрады. Әдетте тіркелім ауаға, суға, топыраққа және өңдеу мен көму орындарына байланысты ақпаратты қамтиды. Ақпарат ресми дереккөздерден алынып, кәсіпорындар­дың міндетті мемлекеттік есебі­­нің деректерін ұсынады. Оның тү­гендеу, зерттеу мен есептен негізгі айырмашылығы, оған интернет арқылы кең көлемде қол жеткізуге болады. Тағы бір маңызды мәселе, тіркелім деректері тұрақты түрде толықтырылуы қажет. Бұл уақыт бойынша үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді. Аталған деректерді қоғам өкіл­­дері елді мекендегі эко­ло­­гия­лық жағдаймен танысу және экономика секторла­ры немесе мемлекеттік ор­ган­дар­дың экологиялық қыз­метін баға­лауға пайдалана алады. Лас­танудан зардап шеккендер тіркелім дерек­терін пайда­лана отырып, эко­логия­лық қо­лай­лылыққа, ден­сау­лықты сақ­тауға байла­ныс­ты мәселелер көтеру ар­қылы кәсіпорындарды эколо­гия­лық көрсеткіштерді жақсартуға ынталандырады. Сондай-ақ мемлекетке қал­дықтарды, лас­тауыштарды, химикаттарды басқару, игеру немесе азайту басымдықтарын белгілеу, зиянды қалдықтарды жою кезіндегі қауіпті химиялық заттарды зерттеуге байланыс­ты мәселелерді реттеуге көмек­теседі. Ал өнеркәсіптік секторлар және жалпы химикатты тұтынушы кәсіпорындар үшін таза технологияларды енгізуге, білікті мамандардың келуіне, аумақтық деңгей­­дегі байланыстарды жақсарту­­ға, бәсекеге қабілеттілікті арт­тыруға, жаңа нарық­тарды иге­руге және кә­сіп­­орынның қар­жы­лық тұ­рақ­ты­лығын арт­тыруға септеседі.

2018-2019 жылдары Энер­гетика министрлігі ластауыш шығарынды­лары мен тасымалдары тір­келімінің хаттамасын ра­ти­фикациялау жұмысын жүр­гізеді. Айта кетелік, 2016 жылы Экологиялық кодекс­ке «Ластауыштардың шы­ға­рын­­дылары мен тасы­мал­­дарының мемлекеттік тір­келі­мін жүргізу» атты жаңа бап енгізілген болатын. Энер­гети­ка министрінің 2016 жыл­ғы 10 маусымдағы №241 бұй­­­рығымен «Ластауыш­тар­дың шығарындылары мен тасы­мал­дарының мемлекеттік тір­­келімін жүргізу ережесі» қа­был­­данды. Заңнамада қабыл­данған өзгерістер негізін­де ірі кәсіпорындар (1-санат­тағы табиғат пайдаланушы­лар) Энер­гетика министрлігі және он­ың аумақтық орган­­­дарына ауаға, суға және топы­раққа шығарылатын шы­ғарындылары, қайта өңдеу және көму орындарына тасымалданатын қал­­дықтар ту­ра­лы ақпаратты ұсы­на­ды. Сонымен қа­тар 2013-2016 жылдары ірі кә­сіп­­орындардың есеп­тері сы­нама ретінде ұсы­нылды. Бұл есептермен ұлттық Орхус ор­талы­ғының сайтында және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуге арналған ақпараттық порталында танысуға болады.

Бүгінде халықаралық ын­т­ы­мақтастық шеңберінде «Орнықты органикалық лас­тауыш заттар бойынша есеп беру құралы ретінде ластауыш шығарындылары мен тасымалдар тіркелімін жүзеге асыру» атты Қазақстан Республика­сы үшін тарату және хабардар етуді арттырудың жобасы жүзеге асырылуда. 2016 жылы қолға алынған бұл жоба 2019 жылы аяқталады. Жоба­ның басты нәтижелерінің бірі – кәсіпорындарға арнал­ған есеп­­тіліктің онлайн жүйе­сін қанатқақты режімде ен­гізу, ұлттық құқықтық құ­жат­­тар жобаларын дайындау, өнеркәсіптік сектор үшін баға әдістері бо­йынша ұлт­тық нұсқаулықтарды әзір­леу және қолжетімділік, ақ­па­рат­қа жұртшылықтың қол­жетім­ділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізу болмақ. Яғни, алдағы жылдары қазақстандықтар қоршаған орта туралы ақпарат­қа жеке заңды құқығын толы­ғы­мен пайдалана алатын болады.

Айнел РЫМБАЕВА, «Орнықты даму ықпалдастығы» орталығының қызметкері