• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2018

Тәжірибе тәлімі: Педагог өмір бойы үйренуі тиіс

816 рет
көрсетілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану заманында ұлтымыз бәсекеге қабілетті болу үшін «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және кон­фес­сияаралық келісім» сияқты бағ­дарламаларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды. 

Әсі­ресе, «Үш тілде білім беру» бағдарламасын орындау­да қо­ғамда болып жатқан әлеу­мет­тік-экономикалық және мә­дени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пай­далану өрісін біршама ке­ңейтуде.

Ағылшын тілін те­реңдетіп, жан-жақты оқы­ту­ды уақыт қажет етіп отыр. Қазақстанның тәуелсіз ел ре­тінде әлемдік өркениеттің да­му жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруді, білім беру жүйесінің барлық буын­дарына білім беру ісін жа­ңа сатыға көтеруді талап етеді. Сондықтан жаңа кезең­де­гі озық педагогикалық тәжі­р­и­бе­лерді заман талабына сай қолд­­ану ерекше маңызға ие. 

Осы мақсатта орта білім беру мазмұнын жаңарту шең­бе­рінде былтыр қыркүйек пен жел­тоқсан айларының ара­лы­ғында өңірдегі ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне ар­налған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Атал­мыш курстың басты ба­ғыты – ағылшын тілі мен пән­дерді ағылшын тілінде оқы­ту үшін тілдік біліктілікті жо­ғарылату. Бұл іс комму­ни­кативтік әдістемеге сүйе­ніп, Content and Language Integrated Learning (CLIL) контенттік оқытудың халық­ара­лық тәжірибесіне сай жүр­гізілді. «Назарбаев зият­кер­лік мектептері» ДББҰ Педа­гогикалық шеберлік орта­лығы базасында ұйым­дас­тырылған курсқа аудан, қала мек­тептерінен мұғалімдер қат­ысты. 

Курстың негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңа­руы­мен қатар, оқытудың әдіс-тә­сілдері мен және критерийлі бағалау жүйесін енгізу тұр­ғы­сынан мұғалімдердің, сон­дай-ақ өзге құндылықтар мен кәсіби біліктілікке ие жо­ғары білікті педагогикалық кадрлардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс тыңдаушылары жа­ңар­­тылған оқу бағдар­ламасы бой­ынша жаңа ақпараттар алып, оқытудың тиімді тәсіл­де­рін, белсенді оқу страте­гия­ларын, оқу үдерісіне кри­терийлі бағалау жүйесін ен­гізу мәселелері, әртүрлі құ­ралдарды қолданудың ти­ім­ділігін арттыру, жалпы білім беру деңгейінде ағыл­­шын тілі бойынша бі­лім беру бағдарламасын жа­ңар­ту, білімді таратушыдан және олардың игерілуін бақылаушыдан әлеуметтік медиатор, оқу фасилитаторы, рефлексивті практик – зерттеуші рөліне дей­інгі ұғымдардың терең мә­нін ұғынып, білімдерін то­лықтырды. Сондай-ақ түр­лі психологиялық-пе­да­гогикалық тренингтер, ағыл­шын тілі сабағында төрт дағ­дыға негізделген оқы­ту мен оқудағы заманауи стратегиялар негізінде топ­тық, жұптық және өзіндік жұмыстар жүргізілді. Әсіресе, курс тыңдаушыларының кә­сіби құзыреттілігі мен шы­ғар­машылық шеберлігін арт­­тыруға негізделген пе­да­гогикалық тренингтер өза­ра тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туғызды. Бұл дәрістер біздің педа­го­гикалық білімімізді те­рең­дете түсті. Оқыту «Пе­да­гогикалық шеберлік орта­лы­ғы» жекеменшік меке­ме­сінің Білім және ғылым министрлігімен келісілген оқу кестесі бойынша жүзеге асырылды. Курсты облыстың таңдаулы мұғалімдерінен іріктелген тренерлер жүргізді.

Ағылшын тілін меңгеру – уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде «Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл, еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» деген болатын. Демек, тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы, тілдік дамудың негізі болып саналады. Мәселен, мен өзімді тіл маманы ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім,саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін.

«Мұғалім – өз білімін үздік­сіз жетілдіріп, іздену үстінде болғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды», деп Ушинский айтқандай, білім алу мен білімді болу қоғам дамуына ықпалы зор факторлар. Нағыз педагог өмір бойы оқиды, үйренеді. Әлемдегі жаһандық өзгерістерге бірінші болып ілесетін, жаңашылдықтың жаршысы – педагог.

Еліміз­дің педагог кадрларға жаңа фор­матты білім беруде енгіз­іл­ген төрт айлық курсты мек­теп қабырғасындағы мұға­лім­дерден бастағаны, яғни білім саласындағы ең кіші сатысы, төменнен жоғарыға дейін оқытуды қамтамасыз еткен ұнады. Осы курс аясында оқыған кембридждік оқыту тәсілдерінің теориялық негізін елімізге енгізу үлкен жетістік. Қазіргі жаһандық заманауи дамуда еліміздегі тұралап қалған білім беру саласының, әлемдік білім беру стандарттарымен таныса отырып, оның тиім­ді тұс­­та­рын жүйелеп, елі­міз­де пайда­ланып, іске асыру жолында көп жұмыс атқа­рыл­у­­да. Бұл өзгерістер тек педагог­тар үшін емес, соны­мен қатар мектептердегі жаңа пән­дердің пайда болуына, оқы­ту әдістемелерінің де өзгеруіне мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.

Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», деген болатын. Міне, біз де осы курс барысында заман талабына сай ағылшын тілі пәнін оқыту бой­ынша шәкірттерімізді шабыт­тандыратын әдіс-тәсіл­дерді қолдануға тырысамыз. Аталған курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолдарын айқындап берді. 

Осы курстың жүйелі түр­де ұйымдастырылуына қыз­мет еткен «Назарбаев зият­керлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шебер­лік орталығының Ақ­та­у қаласындағы фили­а­л­ы­­ның директоры Қатира Бо­ран­баеваның жә­не елі­міз­дегі үштілді бі­лім бе­ру бағдарламасын жү­­зе­ге асы­ру­ға үлестерін қо­сып жат­қан Professional Develo­p­ment Centre компания­сы­ның, сондай-ақ «Caspian Traininig Group» ЖШС-нің еңбегі ерен. 

Раушан ҚОНАРБАЕВА,  М.Әуезов атындағы №20 жалпы орта білім беру  мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Маңғыстау облысы