• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Білім 22 Ақпан, 2018

Астанада ҚХА-ның Мәжілістегі депутаттық тобының отырысы өтті

183 рет
көрсетілді

Кеше Білім және ғылым министрлігінің еліміздің жалпы білім беру мектептерінде қазақ және орыс тілдерін оқытуды жақ­сарту жөніндегі жұмысы туралы Қазақстан халқы Ассам­б­леясының Мәжілістегі депутаттық тобының отырысы өтті. 

Отырысқа Мәжіліс Төра­ға­сының орынбасары Влади­мир Божко, Білім және ғы­лым вице-министрі Асхат Айма­ғамбетов және депутаттар Юрий Тимощенко мен Наталья Жұ­маділдаева қатысты.

«Елбасымыздың «Қазақ­станның болашағы қазақ тілінде» деген сөзі бар. Осыған байланысты еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілді оқытудың жағдайы бізді алаңдатады», деп атап өтті отырысты ашқан депутаттық топ жетекшісі Сауытбек Абдрахманов. Оның айтуынша, орыс тілінде білім бере­тін мектептер тұрмақ, қазақ мек­теп­терінің өзінде қазақ тілін оқы­тудың жағдайы нашар. Орыс мектептерінде білім алып жат­қан балалардың қазақ тілін біліп шығып жатқаны некен-саяқ. Оған қоса еліміздің оңтүс­тік өңірлеріндегі қазақ мектеп­терінде орыс тілін оқыту ісі көңіл көншітпейді. Орыс тіліндегі хабарларды түсіне алмайтын, күрделі ғылыми әдебиетті оқи алмайтын балалар қазақы өңір­лерде өсіп келе жатыр. Сондықтан мем­лекеттік тілдің әлеуметтік-ком­му­никативтік қызметі аясын ке­ңейту керек. 

Осыдан соң арнайы баяндама жасаған Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов қазақ тілін дамыту, оқыту сапасын арттыру әрі орта білім беру бойынша жаңартылған мазмұнға көшу ісі министрліктің басты назарында тұрған мәселе екенін айтты. Вице-министрдің мәліметінше, республика бойынша оқушылардың 67 пайызы қазақ тілінде оқиды. 1991 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз ғана болған. Қазақ балаларының 90 пайызға жуығы ана тілінде, ұлты қазақ емес 45 мыңға жуық оқушы қазақ тілінде білім алып жатыр. 910 мыңға жуық бала орыс тілінде оқыса, соның ішін­де 612 мыңға жуығы өзге ұлт өкілдері. 

«Осы балалар қазақ тілін 11 жыл бойы оқыса да, олар үшін сағат санын көбейтсек те олар қазақша емін-еркін сөйлеп кете алмады. Себебі бізде қазақ тілін жан-жақты, жедел, тиімді үй­ре­тетін әдістеме болған жоқ. Біз мұны өзгерту үшін біраз жұ­мысты қолға алдық. Білім және ғылым министрі Ерлан Саға­диевтің бастамаларымен жаңа идеялар іске асырылып жатыр», деген Асхат Аймағамбетов бірнеше базалық принцип не­гізінде жаңа әдістеме дайын­далғанын айтты.

«Паретто принципіне негіз­делген деңгейлі-коммуни­ка­тивті әдістемесі әлем тәжіри­бесінде қолданылады. Минис­тр­лік тапсырмасына сәйкес А.Бай­тұр­сынұлы атындағы тіл білімі институты және Ақпараттық технологиялар университеті жасаған зерттеулер бойынша қазақ тілінде де паретто принципі қолданылады. Мысалы М.Әуе­зов шығармаларының 65 пайызында 700 сөз қайталанады. Осы ескеріліп, тұңғыш рет жалпы білім беруге арналған қазақ тілі­нің жиілік сөздігі әзірленіп, шы­ғарылды. Жиілік сөздікте ең жиі қолданылатын сөзден бас­тап, ең аз қолданылатын сөз­­дер жинақталған.

Ағылшын тілін үйренуде бұл тәжірибе бұ­­рыннан қолданылып келе жат­қан дүние. Жиілік сөз­дік негізінде лексикалық, грам­­ма­тикалық минимумдар әзір­ленді. Біздің зерттеуіміз бойынша, 2 800 сөзбен 87 па­йыз ақпаратты түсінуге болады. Енді әр балаға берілетін қазақ тілі мен әдебиеті, оған электронды қосымшалар лексикалық, грамматикалық минимумдарды қолдану негізінде жазылатын болады», деді А.Ай­мағамбетов. Осы ретте вице-министр орыс мектептерінде тиіс­ті минимумдар сақталмай кел­генін, осы бағытта тиісті жұ­мыстар атқарылатынын атап өтті.

«2016 жылы орыс тілін 1-сыныптан оқытылу енгізілді. Бұған дейін тек 3-сыныптан бастап оқытылатын. Бастапқы дең­гейде балалар қарым-қа­ты­нас жасау үшін ең қажетті сөз тір­кестері мен сөздерді меңге­реді, келесі деңгейде біртіндеп сөз саны көбейе береді. Жаңа әдістеме бойынша негізгі екпін ауызша, жазбаша еркін қарым-қатынасқа құрылған», деген вице-министр ендігі оқулықтар аталған тәсіл бойынша даярланатынын айтты. 

Ұлттық білім беру дерек­қорының мәліметіне сәйкес республика бойынша 285 996 мұғалім жұмыс істесе, оның 28 мыңы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері. Олардың 86 пайызы жоғары және бірінші санатты мұғалімдер.

Ая ӨМІРТАЙ, «Егемен Қазақстан»