• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Наурыз, 2018

Азаматтардың келешегіне қамқорлық

644 рет
көрсетілді

 Әлемде әлеуметтік тең­сіз­діктің өсу қарқыны бай­қала­ды. Адамзаттың басым бө­лігі қарапайым материалдық игіліктерге қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан бүгінгі басты міндет әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік тұрғыдан реттеу болмақ. Ең бастысы, әр азамат өзінің бүкіл қоғамға беріл­ген материалдық игіліктен құр қалмағанын сезінуі тиіс. Бұл – дұрыс бағыт, әділ ұста­ным. Еліміз осы бағытқа бет бұр­­ды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пар­ла­­мент палаталарының бірлес­кен отырысындағы баяндамасы баршамызды қуантты. Баян­дамада бес әлеуметтік бас­тама туралы айтылды. Әрқайсысы жеке-жеке қарас­тыруға лайықты. 

 

Ең алды­мен, қазақ­стан­дық­тар үшін қол­же­тімді баспана – басты мәсе­ле. Көпте­ген жас отбасы же­ке­­меншік үйінің болмауынан қиналады, тіпті кейбір отба­сылардың шаңырағының шай­қалуына да осы мәселе әсер етеді. Бұл ретте мемлекет тара­­­пынан аза­маттардың ба­сым бөлігіне дерлік баспананы қол­жетімді қылу бастама­сы көтеріліп отыр. «7 – 20 – 25» бағ­да­р­­­ла­ма­сы аталған проб­ле­ма­ны жа­­­қын арада шешуге мүмкін­дік бере­­ді. Осы бағдар­ламаны орындау экономиканы дамытуға ғана емес, демографияны көтеруге де қар­­қын береді. Өйткені демо­гра­фия­ға инвестиция құю өте өзекті.

Салықтық жүктемені төмен­дету мақсатында жалақыны аз алатын адамдарға салық 1 пайызға дейін төмендейді. Бұл әлемдік тәжірибеде болмаған шешім. Бастысы, үнемделген қаржы осы санаттағы адам­дар­­дың еңбекақысын көтеруге жұм­салады. Бұл – 2 миллионнан астам азаматтың табысын арттыруға жасалған қадам.

Техникалық мамандық­тарға гранттарды көбейту де дер кезін­де қабылданған ма­ңыз­ды шешім дер едім. Мем­лекет ІТ-технология, нано­тех­нология, роботты техника сияқ­ты жаңа мамандықтарға қо­сымша 20 мың грант бөлмек. Еңбек нары­ғының өзгеруін есеп­ке алсақ, бұл төртінші өнер­­­кәсіптік револю­ция жо­лын­­­дағы маңызды қадам.

Өзін-өзі жұмыспен қамту­шы­лар мәселесін шешуде ел­дің әлеуметтік жаңғыруына база­лық жағдай жасалып отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін 14 мың азаматқа 62 мил­лиард теңге көлемінде шағын несие беріледі. Бұл ауыл тұр­ғындарын шағын кәсіп­кер­лікпен қамту­ға мүмкіндік береді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесін кешенді түрде шешу оларды еліміздің экономика­лық айналымына қосуға, салық база­сының кеңеюіне жол ашады. Бұл ел экономикасын дамытудың маңызды қыр­ларының бірі.

Әлеуметтік дамудың негізгі бел­гілері ауыл инфра­құры­лымы, елді мекендердің басым бөлігін газбен қамтамасыз ету. Елбасы баяндамасында ел ішінде көгілдір отынды жеткізуде жаңа бағыт­тар құру, газ құбырлары құрылы­сын жүргізу туралы айтылды. Бұл мәселе бұрыннан сарапшылар деңгейінде талқыланып келе жатқан болатын. Сондықтан мемлекеттің азаматтық қоғам өкілдерінің ой-пікірімен үнде­се жұмыс істеуі қуантады. Сол себепті елімізде мемлекеттің аза­­­мат­­тардың келешегіне қамқор­­лығы мен әлеуметтік жауап­кер­шілігі іс жүзінде орындалады деп сеніммен айтуға болады. Бұл қоғамдағы әлеуметтік сенімнің артуына алып келеді. Яғни, Қазақ­­станда әлеуметтік даму­дың өзін­дік моделі құрылуда.

Ерлан САИРОВ,

әлеуметтанушы, Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары