• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2018

Қарағандыда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі талқыланды

319 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімдігінде актив жиналысы өтіп, онда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі жан-жақты талқыланып, түсіндірілді.

Қоғам өкілдері, өндірістік кәсіпорындар басшылары, ардагерлер және Қазақстан халқы Ас­самб­леясының мүшелері қатыс­­қан жиында өңір басшысы Ерлан Қошанов әр бастаманың қарағандылықтардың жай-күйі­нің оңалуына қалай әсер ететінін жіліктеп айтып берді.

Облыс басшысы «Әр отбасы­на баспана алудың жаңа мүмкін­діктері» бастамасы пәтер кезе­гін төмендетуге оң ықпалын тигі­зеті­нін ерекше атап өтті. Со­ны­мен қа­тар Пре­зидент бастамасының ал­дағы жыл­дары кезекте тұрған аза­мат­тар санын азайтып, облыс­тағы тұр­­­ғ­ын үй қорының едәуір жаңар­­ты­латы­нына себепкер болатынын айтты.

Облыс басшысы қала және аудан әкімдерінің алдына тұрғын үй құрылысын белсенді дамыту міндетін қойды. Алдағы уақытта тұр­ғын үй құрылысы алаңдарына ин­женерлік-коммуникациялық ин­фрақұрылымдарды жет­кізу үшін жекеменшік құрылыс­шылар­мен бірігіп, мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі механизмі қолданы­ла бастайтынын айтты. Үндеуде көтерілген басқа да міндеттер­дің орын­­далу барысы қатаң бақылау­да болатынын жеткізді.

Актив жиналысында сондай-ақ облыста студенттік жатақ­ха­на­­лардың тапшылығы өткір бай­қа­латыны әңгімеге өзек болды. Өңір басшысы бұл мәселені шешу­дің жолдарын айтып берді. Бү­гінгі күнде облыста күн­дізгі бөлімде оқитын 25 мың сту­дент­тің 13 мыңнан астамы мемлекет­тік грант бойынша білім алуда. Енді Ел­басы бастамасының ар­қасын­да олардың саны 35-40 пайы­з­ға арт­пақ.

Мемлекеттік гранттарды үлес­тіру үшін қысқа мерзім ішін­де аймақ­тың қандай білікті кадр­лар­ға мұқтаж екендігін анық­тау өте маңыз беретін шаруа екен­дігіне тоқталды облыс бас­шы­сы. Соны­мен қатар студент­тер­­ді жатын орын­мен қамта­ма­сыз ету де ше­­ші­мін тез табуды қажет ете­тін мәселе.

Осы орайда Е.Қошанов ЖОО басшыларын алдағы уақыт­та жобалау-сметалық құжатта­ма­ларды әзірлеп, инвестор іздестіру ісімен шындап айналысуға ша­қыр­ды. Өңір басшысы бұл мәсе­ленің ерекше бақылауда болатынын да атап өтті.

Елбасының елімізді әрі қарай көгілдір отынмен қамтуды жал­ғас­тыру бастамасы Қарағанды об­лы­сының тұрғындары үшін де үлкен маңызға ие. Жоба аясында Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран және Шахтинск секілді облыстың ірі қалалары, сондай-ақ Абай, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Осакаров, Шет, Ұлытау аудандарының 120 елді мекені газбен қамтылатын болады.

Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру жеке ісін енді бастаған кәсіпкерлер үшін бизнесін дөңгелетіп алып кетуге мол мүмкіндік береді. Қарағанды облысында жүзеге асырылған стартап-жобалардың саны екі есеге ұлғаюы да әбден мүмкін.

– 2017 жылы жаппай кәсіп­кер­лікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылында облысымызда ісін жаңа бастап келе жатқан 827 кәсіпкер 4,5 млрд теңге шағын несиелер алды. Бұл оларға ауыл шаруашылығында және өңдеу өндірісінде жаңа кәсіпорындар ашуға, сондай-ақ 700-ден ас­там жаңа жұмыс орындарын құру­ға мүмкіндік берді, – деді Е.Қо­шанов «Шағын несие беруді кө­бей­ту» бастамасына тоқтала келе.

Алайда бөлінген қаражат бар­лық ниет білдірушілерге жеңіл­детілген несие алуға жеткілік­сіз болды. Тек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ғана оқудан өткен 1313 кәсіпкердің 956-ы қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігінен шағын несие ала алмай қалған. Осындай мәселенің туындауы­на байланысты, Елбасының ағым­­дағы жылы бұл бағдарлама бойын­ша қосымша 20 млрд теңге бөлу­ді тапсырғаны белгілі. 

Актив жиналысында облыс басшысы «Жалақысы төмен жұ­мыс­­шы­лардың еңбекақысын көбейту бастамасы өңірдің ша­мамен 160 мың тұр­ғынына қатыс­ты болатынын айта келіп, шы­­ғары­­­латын қаражаттың шын мәні­сінде жұмыскерлердің жал­ақы­сын ұлғайтуға бақытталуын қа­д­а­ғалау керектігіне ерекше мән берді.

– «Президенттің бес әлеу­мет­тік бастамасы» біздің облыстың да ілгері дамуына дем беріп, игі ық­палын тигізеді, – деп қоры­тын­дыла­ды актив жиналысын облыс әкімі.

Қайрат ӘБІЛДА, «Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ