Бүгінде үш тілділік уақыт талабына айналып отыр. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Туризм мамандығының 3-курсында оқитын Дина Абдрахманова болашақта бес тілді маман болып қалыптасуды армандап, мақсат еткен.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьБиыл Қостанайда бірінші рет «Татар қызы» арулар байқауына қатысқан ол көрермендерді қазақ, татар, башқұрт тілдерінде еркін сөйлеуімен, сол тілдерде ән шырқап, өзін өлеңдете таныстыруымен таңғалдырды. Көрерменнің башқұрт қызына таңғалатындай-ақ жөні бар еді. Себебі байқауға қатысқан бойжеткендердің татар-башқұрт халқының негізінен чак-чак, учбучмақ және бал қосып жасайтын тәттілерден тұратын дастарқан мәзірін дайындауда, ұлттық киім үлгілерін көрсетуде де мін болған жоқ, бірінен бірі асып түсті. Бірақ тілге келгенде сахнадағы арулардың кібіртіктей бергені анық еді. Байқаудың негізгі әрі басты шарты да тілді білу болатын.
– Мен қазақ, татар, башқұрт тілдерінде еркін сөйлеймін. Туысқан үш тілді білгенім өзіме қатты ұнайды, олар бірін-бірі толықтыратындай сезінемін. Осы үш тілде де ән шырқаймын, әдебиетін де оқимын, дәстүр-салттарын да жақсы білемін, – дейді «Татар қызы» байқауының бас жүлдесіне ие болған Дина Абдрахманова.
Жиырмаға енді толған, өзі шалғайдағы Амангелді ауданындағы Амантоғай ауылында туып-өскен, қазақ мектебін бітірген қыздың татар, башқұрт тілдерінде осынша еркін сөйлеуі байқау қызығын тамашалауға келген татар халқының аға ұрпақ өкілдерін де сүйсінтті.
– Динаның татар-башқұрт тілдерінде еркін сөйлеуі жаныма шуақ төккендей болды. Әнді де әдемі айтады екен. Оның тілінен қазақ мақамының есіп тұруы да жарасады, себебі ол – қазақстандық башқұрт қызы ғой, – дейді Сәрия Сеиит.
Қанша түркітілдес дегенмен өзге тілде сөйлеп кету де еңбекті, ықыласты, мүмкін уақытты да қажет етері сөзсіз. Ал Динаның пікірінше, тілге деген ықылас та, патриоттық сезім де, жауапкершілік те ең алдымен отбасында қалыптасады. Бұл ол үшін – аксиома.
– Біз таза қазақ ауылында тұрамыз. Ата-анам қазақ тіліне судай. Мен қазақ мектебін бітірдім. Менің ата-анам башқұрт, үйде башқұрт тілінде сөйлеседі. Сондықтан менің құлағым башқұрт тіліне қанып өсті. Бала кезімде демалыстарда Ресейдің Пермь облысындағы, Башқұртстандағы туыстарыма, нағашыларыма жиі баратынмын. Ол жақтағы татар ауылында татар тілі үстемдік етеді. Мен татар тілін де тез үйреніп кеттім, – дейді Дина. Татардың әндеріне деген қызығушылық та Динаны татар тілін үйренуге «мәжбүрлей» түсіпті. Байқауда оның татар тілінде шырқаған әндері кімнің де болса құлақ құрышын қандырды.
Қазір университетте сабақ орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде өтеді. Болашақ мамандығы туризмге қатысты болғандықтан, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге күш салады.
– Орыс тілінде сабақты еркін айтамын, ағылшын тілін де дәл солай еркін меңгеретініме сенемін. Бірақ мен үшін жаныма ең жақыны – қазақ тілі. Өйткені осы тілде ойланамын, еркін сөйлеймін, білімнің негізін алдым. Отанымның мемлекеттік тілі. Қалған тілдің барлығы да мен үшін өмірлік олжам, – дейді Дина.
Жас қыздың қоғамдық белсенділігі де оны ерекшелеп тұрады. Ол – «Қызыл Ай» қоғамының волонтері, Төтенше жағдайлар департаментінде штаттан тыс «Алғашқы көмек көрсету» нұсқаушысы. Мектептерге барып адам қиын жағдайға ұшырағанда оған алғашқы көмек беру жөнінде әңгімелер, тренингтер өткізуге де уақыт табады. Өзі жартасқа өрмелеу спортымен айналысады.
– Маған не нәрсеге де жауапкершілікпен қараған ұнайды. Тілге де жауапкершілік болуы тиіс. Бізде үлкен кісілер баласының алдында орысша сөйлеп отырады, сосын жастар да сол сүрлеумен келе жатыр. Бұл ана тілдің алдындағы жауапкершіліктің осалдығы деп түсінемін. Мен татар, башқұрт тілдерін білемін, орыс, ағылшын тілдерін әлі-ақ таза меңгеріп алатыныма көзім жетеді. Бірақ қазақ тілінде сөйлеймін, өйткені ол менің – ана тілім, – дейді Дина. Жас қыздың бойындағы өжеттік пен парасаттылықтың қатар өрілуі үлкеннің де, кішінің де жанын жылытқандай.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ