• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Сәуір, 2018

Қазақстанның 10 облысында ескерту жарияланды - Қазгидромет

302 рет
көрсетілді

Алматы қаласында және Қазақстанның 10 облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.  

9-13 сәуірде Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы өзендерде ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашын түседі деген болжамға байланысты қардың қарқынды еру, жергілікті ағынның қалыптасу, су деңгейінің көтерілу қаупі бар және өзен суы жағадан асып жайылуы мүмкін.

9-13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашын түседі деген болжамға байланысты жергілікті, беткейлік ағын қалыптасуы мүмкін, мұз кептелістері болып, су деңгейінің көтерілу, су жайылуы және су басу қаупі бар.

9-11 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауады деген болжамға байланысты жергілікті және беткейлік ағынның қалыптасуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, жайылымдарды су басу қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар