• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Сәуір, 2018

Көктемгі егіске көмек керек

303 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көктемгі дала жұмыстары қарсаңында жанар-жағармай материалдары, атап айтқанда, дизель отыны бағаларының жыл сайын өсуі алаңдаушылық тудырады. Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына жолданған депутаттық сауалымыз осы өзекті мәселеге арналып отыр.

2015 жылы дизель отынының құны – 82,0 теңге, 2016 жылы – 95,4 теңге, 2017 жылы – 140,7 теңге болса, биыл ол 156 теңгеге жеткен немесе 2015 жылмен салыстырғанда 1,9 есе өскен. Бұл жағдай Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің едәуір қымбаттауына соқтырып, осы өңірлердегі көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржылық жағ­дайын қиындата түсті. Сайып келгенде бұ­лардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі шығындарында жанар-жағармай материалдарының үлесі 25 %-ға дейін жетті. Мұндай жағдай еліміздің басқа өңірлерінде де орын алып отыр.

Қалыптасқан жағдай ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін тө­мен­детуде. Әрине, ағымдағы жылы Үкімет көк­темгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын зауыт­тардан алғанда 1 литрінің бағасын 130 теңге деңгейінде ұстауды белгілеген, бірақ оны өңірлерге жеткізуді ескерсек, баға орта есеппен 150 теңгеге дейін көтеріліп отыр.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өнді­рушілерге агротехникалық іс-шараларды уақтылы жүргізу, сонымен бірге өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру үшін бұл баға тиімсіз болып табылады.

Осыған байланысты, біз Премьер-Ми­ни­с­тр Бақытжан Сағынтаевтан дизельді отын­ға белгіленген бағаны қайта қарап, оны 25–30%-ға дейін төмендету туралы мәселені қарастыруды сұрадық. Бұл сауал­ға палатадағы «Нұр Отан» партиясы фрак­циясының мүшелері Н.Сабильянов пен С.Звольский де қол қойды. Үкімет басшысы біздің ұсынысымызды оң шешер деген үміттеміз.

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,

Мәжіліс депутаты