• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әдебиет 20 Сәуір, 2018

Сергей Сиротин. «Бардодағы Линкольн»

359 рет
көрсетілді

Америкалық жазушы Джордж Сон­дерс қысқа әңгімелердің ше­бері ретінде көпке белгілі. Әң­гімелер жинағы америкалық әдеби сыйлықтардың біразын еншілеген болатын. Енді, міне, тұңғыш романы – «Бардодағы Линкольн». 

Ро­ман өте сәтті шығып, ағылшын тіл­ді әдебиетке арналған беделді Бу­кер сыйлығының 2017 жыл­ғы лауреаты атанды. Кей оқыр­мандар бұл шығарманы тарихи та­қырыпқа арналған деп ойлауы мүмкін. Бұл жаңсақтық бо­лар еді. Бірақ автор идеясы та­ри­хи эпизодтан туған. 1862 жылдың ақпанында азаматтық со­ғыстың жүріп жатқанына бір жыл болғанда АҚШ президенті Авраам Линкольннің ұлы Уилли ойда жоқта сүзек ауруынан көз жұмады. Президенттің қайғыдан қабырғасы қайысқан шақ. Ұлын жер қойнына тапсырғаннан кейін Линкольн баласының қабіріне келіп, ұзақ уақыт сырласатын әдет табады. Әкенің осы уақытта шеккен ой азабын Сондерс оқырманға жеткізуге тырысқан. Дегенмен бұл роман тарихи тақырыптағы шығарма емес. Постмодернистік, абсурдтық, сюрреалистік туынды десек дұрыс болар еді. Өйткені оқиғаның бәрі қабірдің басында, дүниеден озған жандардың рухы мекендейтін жерде (бардода) өтеді. (Бардо – мұсылмандардың барзах әлемі ұғымына жақын – аудармашы). Уилли де бардоға түседі. Оның айналасындағы кейіп­керлер: өмірін жақсылық іс­теумен өткізді дейтін шіркеу қыз­меткері, үстіне ауыр тақтай құ­лаған баспаханашы, өзіне қол сал­ған күнәһар және жазушы әр­түрлі деңгейде суреттеген он­даған рух бар. Алғашқы үшеуі Уил­лиге бір көзқараспен қарайды – оған көмектескілері келеді. Жын­дар­ды қуып, Уилли әкесі келген­де­ ұзағырақ сырласқандарын қалайды. Олар бардо мен шын өмірдің арасында байланыс барына сенеді. 

Сондерстің қиялы өте бай. Өлім­нен кейінгі метафизиканы қатты суреттемей, оның феноменологиясына терең үңіледі. Оның кітабынан өлімнен кейін сені не күтіп тұрғанын елестетіп көресің. Оның кейіпкерлері адам қалпында қалған, мына өмір­дегі істеріне қандай жаза кесіл­геніне алаңдап, әртүрлі се­зім­дер­ді кешеді. Сондерстің көп ке­йіпкерлері мына өмірден зор­лық көріп өткендер. Олар қайта тірі­ліп, азаптаушылардан кегін алғысы келеді. Кейбіреу өмірде көп қайғы көрмей, армандарына жетпей кеткендер. Олар өмірді дұрыс пайдаланбағандарына өкінеді. Уилли Линкольн – сондай адам. Бардо будда дініндегі ұғым болғанымен, романда хрис­тиан дінінен алған элементтер көп. 

Романда шекспирлік шу мен қаһар бар. Бардо тұрғындары б­іріне-бірі әлденені дәлелдеп, дауласып жатады. Әркім өзінің түкке тұрмайтын өмірін үлгі етіп көрсеткілері келеді. Олар үшін өмір­дің де мәні жоқ. 

Кітап кейіпкерлердің репликаларына сүйенген. Пьесадағы секілді. Шын өмірдің кезеңдері, азамат­тық соғыс кезіндегі жағдай­лар қабір басындағы диалогтарға сый­ған. Оған сенуге бола ма? Иә деп те, жоқ деп те жауап беруге бо­лады. Бұл постмодернистік көз­қарастарға тән әдіс. Бір жағынан диалогтар біркелкі. 

«Бардодағы Линкольн» – эксперимантальды роман, АҚШ пре­зидентінің жан азабын жеткі­зуге тырысады. Екінші жағынан шек­сіз фантазияның галльюцина­торы. Шартты түрде жанрын «ин­тел­лектуалды визионерлік та­рихи фантастика» деуге болады. Сондерс weird fiction-ның шебері. Дегенмен Букер сияқ­ты консервативті сыйлықты экспе­рименттік романға бергені бізге қызық көрінді.

Сергей Сиротин

Аударған  Білім Арықбай