• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2018

Қазақстан тәуелсіздіктен бері қандай елдермен тиімді құқықтық келісімдер жасасты?

539 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдермен тікелей құқықтық келісімдер жасасуға кеңінен жол ашылғаны белгілі. Басқасын айтпағанда, ел шекарасын құқықтық заңдармен берік бекемдеу тарихи шара екені мәлім. Сырт елдермен жасалған келісімдер әр сала бойынша құқықтық мәселелерді шешуге негіз болып қана қоймай, сонымен қатар арадағы ынтымақтастықты жандандырып, достық қатынасты нығайтуға үлкен ықпалын тигізіп отырғаны анық. Осы орайда Қазақстан тәуелсіздіктен бері қандай елдермен тиімді құқықтық келісімдер жасасты, қанша және қандай заңдар ратификацияланды және олардың маңызы қаншалықты? 

Елімізде тәуелсіздік жылдары ішінде демокра­тиялық және құқықтық сұранысқа сәйкес келетін құқық қорғау жүйесі қалыптасты. Бү­гінде бұл жүйе конституциялық та­лаптарға сай тиімді жұмыс істеп ке­леді. Осы жүйенің нәтижелерін са­ралай отырып, оның қызметін одан әрі дамыта беру де ерекше на­зарда тұр. Өйтк­ені қылмысқа қар­сы күрес, заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бо­с­­тан­дықтарын қорғау сияқты мә­се­лелер нәтижесі көптеген құ­қық­т­ық актілердің орындалуына байланысты. Ал бұл мәселелер құқықтық салада шетелдермен жасалатын түрлі келісімдердің оңтайлы болуына да әсер ететіні сөзсіз.

Мемлекеттің құқықтық сая­­саты негізінде құқық қорғау мен сот жүйелерінің және құқық қор­­­­ғау инс­титуттарының дамуы ар­қа­сын­да құ­қық­тық салада шетел­­­­дер­мен тиімді келісімдер жасасу жол­ға қой­ылды. Соның бірі ретінде айтар бол­сақ, бүгінде Қазақстан шет мем­ле­­кет­тер­­мен және халықаралық ұй­ымдармен 3 867 ха­лықаралық шарт жа­састы. Олар атап айтқанда, сая­си, эко­номикалық, әлеуметтік, ғылыми-тех­ни­калық, қауіпсіздік және тағы бас­­қа салаларда халықаралық құ­қық­тық ынтымақтастықты қам­тиды.

Соның ішінде елдің ұлттық қау­іп­сіздігін және аумақтық тұ­тас­­тығын қамтамасыз етудегі сыр­­­тқы саясатының басты ба­ғы­­ты – мемлекеттік шекарамыз­ды ха­лық­аралық талаптарға сай құ­­қық­­тық ресімдеу шартта­рын атап өту қажет. Тиісті ха­лық­ара­­лық шарт­­­тарды жасасу ар­қы­лы бар­лық көршілес елдермен мем­лекеттік шекараны де­ли­ми­­та­циялаудың толық аяқ­талуын осы са­ладағы маңызды жетістік деп ай­туға болады. Атап айтқанда, бү­­гін­де Қазақстан өзінің мем­ле­кет­­тік ше­карасын Қытаймен және Түрік­мен­стан­мен толық ресімдеді.

2017 жылғы 25 желтоқсанда Астана қала­сын­да Қазақстан Респуб­ликасы мен Қырғыз Рес­пуб­ли­касы арасында мемлекеттік шекараны шегендеу туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарт екі елдің парламенттері ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Өзбекстан және Ресеймен шекарамызды демаркациялау үдерісі аяқталғаннан кейін осы елдермен де тиісті халықаралық шарттар жасалады. Шекараны халықаралық құқықтық ресімдеу жөніндегі шарттар мемлекеттік аумақты, ұлттық еге­мендіктің кеңістіктік шектерін айқын­дау және шектес елдермен ау­мақ­тық даулардың туындауын ал­дын ала жоюға ықпал етеді.

Қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттің құқықтық саясатының ха­лықаралық-құқықтық бағыты да өріс алып отыр. Еліміздің 2010 жыл­дан 2020 жылға дейінгі кезең­ге арналған құқықтық саясат тұ­жы­рым­дамасында айтылғандай, сырт­қы саясат саласындағы ұзақ мерзімді мүдде­лердің қорғалуына, халық­ара­лық аренада екіжақты және көп­жақты сипаттағы өзара пайдалы ынты­мақ­тас­тықты қамтамасыз етуге бағытталған осындай қыз­мет қашанда халықаралық-құқықтық реттеуді қажет етеді. 

Ондай жұмыстардың түрлі сала­лар бойынша кеңінен атқа­ры­­лып жатқаны белгілі. Соған орай көптеген шетелдермен құ­қық­­тық салада екіжақты халық­­ара­­лық шарттар, келісімдер де жа­­салып жатыр. Мәселен, қазіргі уа­қытта Азаматтық, отбасылық жә­­не қылмыстық істер бойынша құ­­­қық­­тық көмек пен құқықтық мә­се­лелерді ше­шу туралы Минск жә­не Кишиневте жасалған кон­венция­лар және басқа да Қазақстанның екі­жақ­ты халықаралық шарттары жү­­зе­ге асырылады. Қазақстанмен жа­­сас­қан құқықтық көмек тура­лы ха­­лықаралық шарттардың негізінде жеке және заң­ды тұлғалар, сондай-ақ оның аумағында тұ­ратын өзге де тұлғалар келісім жасалған тарап­тар­дың соттарына, прокуратурасына, iшкi iс­тер органдарына, қауiпсiздiк органдарына жә­не құзыретiне азаматтық, отбасылық және қыл­мыс­тық iстер жататын өзге де мекемелерiне еркiн жә­не ке­дергiсiз жүгiнуге құқылы. Мұнда уағ­да­ла­­сушы тараптың азаматтары аталған шарттар не­гіз­інде өтiнiштер беру, талаптар ұсыну және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыра алады.

Осы арада екіжақты өзара құқық­тық көмек көрсе­ту бойынша еліміздің халықаралық тиімді шарттарына тоқталар болсақ, мәселен, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина елдері ене­тін Азаматтық, отбасылық жә­не қылмыстық істер бойынша құ­қық­тық көмек пен құқықтық қаты­настар туралы конвенция 1993 жылы еліміздің Жоғарғы Кеңесінің қау­лы­сымен ратификацияланды. Сол си­яқ­ты 1994 жылғы Қазақстан мен Литва арасында Азаматтық, отба­сылық және қылмыстық істер бой­ынша құқықтық көмек және құ­қық­тық қатынастар туралы ша­рт Қазақстан заңымен ратифика­ция­ланды. Мұндай бағыттағы ха­лықаралық шарттар Пәкістан Ислам Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Қырғыз Рес­пуб­ликасы, Корей Халық Демократиялық Рес­пуб­ликасы, Түрікменстан, Әзербайжан, Вьетнам Социалистік Республикасы, Түркия Рес­пуб­­ликасы арасында еліміздің заңымен ратифика­цияланды. Бұл шарттардың бәрі де халық­ара­лық құқық­тық келісімдерді жүр­гізуде құқықтық көмек пен құ­­қық­тық қатынастарда тиімділікті қам­тамасыз еткені анық.

Сонымен қатар 1951 жылғы 31 қазанда Гаага­да қабылданған Халықаралық жеке құқық жө­нін­дегі Гаага конференциясының Жарғысы Қа­зақстан Республикасының 2017 жыл­ғы 16 ма­мырдағы №66-VI заң­мен ратификацияланғаны да тәу­ел­­сіздіктің нәтижесі дейміз. Өй­т­­кені осы жылы маусымда Қа­зақ­­­станның халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конферен­циясына қатысу рәсімі өтіп, Қазақстан кон­фе­ренцияның 83-ші мүшесі атанды. Ал халықаралық жеке құ­қық бойынша Гаага конфе­рен­ция­сы­ның мақсаты жеке ха­лық­ара­лық құ­қық нормаларын прог­рес­сивті үйлестіруге ұмтылыс болып табылады.

Бұдан басқа, 1954 жылғы 1 нау­­рызда Гаагада жа­салған Аза­мат­­тық іс жүргізу мәселелері жө­­нін­дегі конвенция Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ның 2014 жылғы 14 қа­рашадағы № 252-V за­ңымен ра­тификацияланды. Құжатта қа­ты­су­шы мемлекеттердің және дип­ло­матиялық өкіл­дік­тердің сот және сот­тан тыс құжаттарды тапсы­ру мәселелері бойынша өзара іс-қи­мылын же­ңіл­дететін тәртібі ай­қын­далды. Мәселен, 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Сот тө­­релігіне халықаралық қол жеткізу туралы кон­венция Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2014 жыл­ғы 9 жел­тоқсандағы № 262-V заңымен ра­ти­фикацияланды. Конвенцияға сәй­кес уағдаласушы мемлекеттер азаматтарының және олардың аума­ғын­да тұратын адамдардың соттарда азаматтық жә­не сауда істері бойынша құқықтық көмекке осы мемлекетте тұратын азаматтар секілді құқы­ғы бар. 

Жоғарыда аталған құқықтық келісімдер елі­міздің ширек ғасыр ішінде әлемдік аренада өз орнын нақ­тылап, өзге елдермен терезесі тең жағдайда қарым-қатынасты жол­ға қойғанын айғақтайды. 

Александр ТАСБОЛАТ, «Егемен Қазақстан»