...Бірде жұмыстан кештетіп келе жатып, өзім түсетін аялдамадан өтіп кетіппін. Содан бірсыпыра жерден кері қарай жаяу қайтуға тура келгені. Айналама қарап келе жатырмын. Күйбең тірлікпен көктемнің шығып, жаздың жақындағанын да білмейсің. Білдірмей өтіп жатқан өмір.
M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьБір кезде көзім бірін-бірі жетектеп келе жатқан ерлі-зайыпты қарияларға түсті. Шаштары аппақ қудай. Зиялы адамдар екені бірден аңғарылады. Қос қария қішкентай баспалдақтардан біріне-бірі сүйеніп, бірін-бірі құлатып алмауға тырысып, абайлап түсті де әрі қарай аяңдады. Ол екеуінің көздеріндегі мейірім мен сыйластықты ұмыту мүмкін емес болатын. «Екі жарты – бір бүтін» деген осы еді. Бұл адамның бүкіл ғұмырына татитын сәт, ғаламат сурет болатын.
...Әлбетте сыйластық жоқ жерде онсыз да әлсіз, онсыз да күйреуік сезімге қайдан орын болсын! Ақиқатында махаббат – гүл сияқты нәзік сезім. Оны татулықпен суарып отырмасаң, сөзсіз солады. Бірін-бірі қадірлей алатындар ғана махаббаттарын бастары еңкейгенге дейін сақтай алады.
Ал махаббат та – Алланың адамға берген ұлы сыйы. Егер жұбың қадіріңе жетсе, бақай есепсіз, ессіз сүюдің өзі де бақыт. Осыған қарамастан өткінші сезімді махаббатпен шатастырып, өкініп жүргендер қаншама?! Ақын Мұхтар Шахановша айтқанда, сенбей, сүймей тағдыр қосып жүргендердің легі тағы бар.
Айтқандай бірде-бір келіншек «Түсімде біздің жатын бөлмеміз өртеніп жатыр екен. Басқа бөлмелер дін аман. Бір уақытта күйеуміз екеуміз жататын қос төсек өртеніп кетті. Қап-қара болып жанып, күйеленген бос бөлменің төбесіне шошына қарап жатқанымда оянып кеттім» деді.
Бұл түсті жоритын түгі де жоқ. Олар онсыз да ажырасудың алдында тұрған жұп еді. Әйел байғұс әу бастан отбасын, ошақ қасын қаншама сақтап қалуға тырысып, қаншама кешірімшіл болса да екінші тараптан осыны керек еткен адам болмады. Қаншама жыл ақымақ еркекпен алысқан әйел осы түсінен кейін көп ұзамай ажырасты.
Шариғат та ажырасқанды қолдамайды. Алайда осыған қарамастан күн сайын қаншама шаңырақ ортасына түсіп жатыр. Ал сонда ажырасудың басты себептері қандай? Ежелден көрші Ресейдің отбасылық мәселелерін зерттейтін ғалымдары соңы міндетті түрде ажырасуға алып баратын 13 себепті атағаны есімізде қалыпты. Өмірдің өз шындығына келсек, ажырасудың мың түрлі және жалғыз себебі бар. Неке отауының іргесін неге шайқалтпай ұстап қалмасқа десек те, отбасылық қарым-қатынастарды зертеп жүрген мамандар соңы ажырасумен бітетін мынадай басты себептерді алға тартады:
Ерлі-зайыптылар арасындағы серіктестіктің жойылуы, яғни біреуі ұдайы өктемдік жасайды да, ал екіншісі оған бағынуға мәжбүр болады.
Эмоциялық байланыстың болмауы. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өз бетінше өмір сүре беретіндіктен, екі тараптың бір- біріне деген жылуы жоғалады.
Отбасындағы әлімжеттік. Ішімдікке салыну. Алкоголизм, есірткіге еліту – өркениетті барлық елдерде ажырасудың ең дәстүрлі себебіне айналған. Әрине жұбайлардың бірінің араққа салынуы татулыққа, бала тәрбиесіне, туыс, дос-жаранмен қарым-қатынасқа, табыс табуға дейін тек теріс ықпалын тигізеді. Көптеген зерттеушілер ішімдікке салынуды әлеуметтік дерт деп қарастырып жүр. Қалай десек те, соңы психикалық ауытқуларға дейін апаратын бұл дерттің тамырын тектен де, тәрбиеден де іздеуге болатын сықылды.
Ішімдіктің кесірінен отбасында ауыр ахуал орнайды. Бітпейтін ұрыс-керіс, мастықпен көрсетілген зәбір сүйіп қосылған жандардың көңіліне аяусыз ақау салып, жұбайлар арасында ең үлкен сынақтар басталатыны аян.
Көзге шөп салу. Мұның да себептері ілкімді-ілкімді зерттеулерге жүк бола алады. Сүйіп қосылған жардың мұндай сатқындығын кешіре алатындар – ілуде біреу.
Өзімшілдік. Әлемде адамдар екі топқа бөлінеді – өзім-өзім дегенде өзегі түсе жаздайтындар мен өзгелер үшін өмірін сарп ететіндер... Егер екі адам да жақын адамы үшін жанын беруге әзір болса, онда тамаша. Ал өресі өз басының қамынан аспайтындар сүйіп алған жарын, яки таңдап тиген күйеуін бақытты етуі неғайбыл.
Ата-аналардың бала-шағасының жеке өміріне белсене араласуы. Кейбір құда-құдағилар отау құрып отырған балаларының жеке отау құрып отырған адамдар екенін жиі ұмытып кетіп жатады.
Үміттің ақталмауы. Ешқандай адам некелесуге жаман болсын деген ниетпен бармайды. Жұбайлық өмірден адамдардың бәрі де жақсылық күтеді. Бірімізді біріміз таптық, бақытты өмір басталады деп, тағдырларын тоғыстырған жұптардың өмірі жеме-жемге келгенде отбасылық тіршілігі мүлде басқа сипат алғанда, сыйластыққа селкеу түсе бастамақ. Мыңдардың, миллиондардың ішінен таңдаған адамыңның мүлде басқа жан болып шыққаны да көңілді қалдыра бастайтынын кім жоққа шығарсын. Мұндай жұптардың түптің-түбінде ажыраспауына ешкім кепілдік бере алмайды.
Не десек те, некенің бәрі жақсы емес, ажырасудың соңы тек сорға ғана жетелемесе де, ажырасу – өзін-өзі жеп біткен жұбайлық өмірдің мәреге жетуі деп біліңіз.
Ажырасудың жанға жара салмайтыны сирек. Бірақ отбасылық қарым-қатынастарды бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген мамандар ынтымақшыл адамдардың кекшіл, қайырымсыз жандарға қарағанда, келесі жұбайлық өмірде немесе екінші рет некелессе жиі бақытты болып жататындығын алға тартады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ