17-18 мамыр күндері Астана экономикалық форумы аясында дәрістер фестивалі өтті. Фестиваль аясында Назарбаев Университет пен Еуразия ұлттық университетінің студенттері халықаралық саясаткерлердің, экономистер мен ғалымдардың, бизнесмендер мен ғаламдық жобалар стартапшыларының, кибернетика, роботты техника инженерлерінің дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды.
G
M
T
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
Звуковая функция ограничена 200 символами
Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
Аталған фестиваль әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы сарапшылары мен студенттер аудияториясы арасындағы алаңға айналды. Айта кету керек, фестиваль аясындағы кездесулер дәріс, story telling, motivation speech, бұқаралық сұхбат форматтарында өткізілді. Іс-шара аясында өткен дәрістер AEF 2018 Global Challenges Summit Цифрлы университетіне айналып, форум аяқталған соң сайтта үш тілде орналастырылады деп күтілуде. Ал форум ұйымдастырушылары биыл алғаш рет өткізілген фестиваль болашақта дәстүрге айналады деген ойда.
Дәрістер фестивалі аясында лекторлар студенттерге қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтар, адамзат алдында тұрған өзгерістер туралы айтты. Сонымен қатар жаһандық мәселелермен қатар Қазақстандағы жағдайға да тоқталды. Мысалы, Shazam қосымшасының негізін қалаған Крис Бартон бүгінгі таңда ІТ саласының жылдам дамып жатқанын атап өтіп, «Қазақстанда бұл саланы одан бетер дамыту үшін инвестицияларды көбейтіп, жастарға барлық жағдайды жасау керек. Сонымен қатар стартапшылардың идеяларына құлақ асып, оларды жан-жақты қолдап отырған жөн», деді.
Назарбаев Университетте өткен фестивальде Лондон корольдік колледжінің ғылыми қызметкері, дағдарыс жағдайындағы медианың рөлін зерттеуші маман Григорий Асмолов «Әлеуметтік-гуманитарлық дамудағы интернеттің рөлі» атты тақырыпта дәріс оқып, интернеттің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білудің маңыздылығы туралы баяндады. Ал «Алтын арыстан» (1984) Венеция кинофестивалінің бас жүлдегері, режиссер Кшиштоф Зануссидің дәрісі студенттер тарапынан ерекше қызығушылық тудырып, сұрақ-жауап форматында өрбіді. Режиссер аудиторияға әр халық жаһандану заманында мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу керектігін әрі кинорежиссура саласында сол идеяны жүзеге асырудың әлдеқайда өтімді болатынын айтты. «Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің халқы Голливуд киноларын және өздерінің жергілікті туындыларын көреді. Көп жас режиссердің фильмі сапалы болғанымен, ол Голливуд желісін қайталаған немесе сол тектес жанрда болады. Мысалы, қазақтың жас режиссері өз елі туралы, жері туралы өте шынайы әрі сапалы картина ұсынса, ол әлдеқайда табысты болар еді. Жаһандану заманында мәдени ерекшеліктерді сақтап қалу ғана емес, оны таныта білу де маңызды», деді Кшиштоф Занусси.
Халықаралық «Engineering News Record» өндірістік журналының рейтингінде бірінші орында тұрған, 100 мыңнан артық қызметкері бар әрі 150-ден астам мемлекетте жобаларын жүзеге асырып жүрген AECOM компаниясының қалалар дизайны және стартегиялық жоспарлау директоры Карло Кастеллидің де дәрісін ерекше атап өтуге болады. Ол «Қалалар – ұжымдық күш» деген тақырыпта дәріс оқып, кез келген қаланың дамуы тек белгілі бір мамандардың емес, тұрғындардың қолында екенін айтты. Сонымен қатар Астана қаласының архитектурасына жоғары баға беріп, халықтың қонақжайлығына тәнті болғанын атап өтті. «Астананың өте аз уақыттың ішінде қазіргі кейпіне енгені – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл қала тағы осынша уақытта тіптен өзгеріп, қарыштап дамиды деп ойлаймын», деді К.Кастелли.
Студенттерге қызығушылық тудырған тағы бір дәріс жасарту биотехнологиясы туралы болды. SENS қорының ғылым бойынша төрағасы әрі директоры Обри Ди Грей болашақта адамның қартаю процесін тоқтатуға мүмкіндік беретін биотехнологиялардың пайда болуы туралы айта келе, «Дәл қазір осы аудиторияда отырған адамдар осыған куә болуымыз да мүмкін. Немесе сол технологияны жасаушылар сіздердің араларыңыздан да шығуы ықтимал», деп, жастарға шабыт бере сөйледі.
Medme-дің басқарушы серіктесі Илья Слуцкий «Төртінші индустриялық революция қарсаңында нені үйрену керек?» деген тақырыпта дәріс оқып, қазіргі таңда белгілі бір саланы меңгергеннен кейін де жан-жақты болудың маңыздылығы артатыны туралы айтты. «Бір сала бірнеше саланың қызметін біріктіретін болады. Яғни адамның іздену қажеттілігі артады. Бұл тұлғалық даму үшін де өте керек. Сондықтан қазірден бастап жан-жақты болсаңыздар, болашақта бәсекеге қабілетті маман болатындарыңыз сөзсіз», деді ол.
Назарбаев Университет студенттерінің айтуынша, дәрістер жастарға шабыт сыйлаған. «Халықаралық сарапшылардың, әлемге танымал мамандардың қарапайым студенттерге дәріс оқу мүмкіндігі күнде бола бермейді. Бұл дәрістер бізді жігерлендірді, шабыттандырды. Лекторлар арманға қол жеткізу үшін тынбай еңбек етсе, адамның қолынан бәрі келетінін көрсетті. Дәріске қатысқан қатарластарымның көпшілігі шабыт алып шыққанын, ерекше жігерленгенін айтып жатыр. Мен де ерекше әсер алдым», дейді студенттердің бірі Назерке Қабалина.
Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»