Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.
G
M
T
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
Звуковая функция ограничена 200 символами
Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
Соның нәтижесінде алдыңғы ақыл иелері ұлт деген ұлы ойын біліммен ұштастырды. Сол үрдіс әлі бәсеңси қойған жоқ. Оның үстіне оқусыз өмір қараң екенін озық жұрттардың технологиялық, технократтық тегеуріні қыран тепкісіндей осалды мұрттай ұшырып жатқанын көзі көріп, іші сезгендер аңғарса керек. Біз осы екеуін сөзден іске көшіріп, ұлттық намыстың тұғырына айналдырсақ, қане. Уақытша көз тартқан өзгенің әлем-жәлемін ысырып тастап, нағыз қажетін алып, өзіміздің барымызбен ұштастырсақ, ұтылмас едік. Тіпті оны елдік менталитетке айналдырсақ, қапы қалмайтынымыз және белгілі.
Бұл бабалардан қалған халықтық қалыпты кейінгіге әрін кетірмей жеткізері айдай анық. Жанталасқан жаһанданудың ызғарына да төтеп беретін сол болады. Ол үшін ұлт ұрпағы білімді болуы керек. Білім ұлттық сананы жетілдіреді. Білімнің де білімі бар. Сол білім білікпен ұштасқанда ғана алмағайып заманның қандай сынына да қарсы тұра алады. Бұрынғыдай оқуға түсіп, «қатырма» қағаз алсаң, қызмет табылады, тұрмыс жақсарады деген кеңқолтық тірлік келмеске кеткендей. Енді Абай айтқан малмен қатар, күнкөріс қарекетін мінсіз атқару алдыңды орайды. Одан алған білім, меңгерген білікпен іркілмей өтсең – жолың оңға басады, бағың жанады. Әрине жетекпен кететіндер бүгінде жоқ емес, бар. Егер уақыт қарқыны осылай жылжи берсе, ондайлардың ойпаң жерден қарғып өтуі де екіталай болып қалар. Ондай күн бола ма демейік, өмір сабағына терең бойласақ, тәубеге келер тұстарымыз баршылық.
Санаулы күндерден кейін ҰБТ басталып, мыңдаған талапкер бағын сынайды. Қазір ұл-қызының ертеңіне бір үміт, бір күдікпен қараған ата-ана, сынға түскелі жүрген оқушы алаң көңілде жүр. Еліміздегі 130-ға жуық ЖОО мен 817 колледж жарыса жарнамаларын таратуда. Бұл да нарық талабы. Үмітін үкілеген жас үшін маңызды мәселе мамандық таңдауда болып тұр. Өмір өзгерісі жылдам, кешегі бүгінгіге септігін тигізе алар емес. Қарға аунаған түлкідей құлпырып шыға келеді. Төрт-бес жыл ойыңды сарп етіп, көз майыңды тауысып оқыған мамандығың өз әлетіңе жарамай қалатынын қайтерсің. Мәңгілік ештеңе жоқ, бірақ еңбектің жемісін көру керек.
Мемлекет бөлген қаржының да қайтарымы болуы тиіс қой. Осы тұрғыдан келгенде заман ағымын көлденең тарта бермей, бір тиянақты шешім қажет тәрізді. Көп жас: «Оқу бітірдім, мамандық алдым» дейді. Артынан оның «қызығын» көре алмай, өмірлік ұстанымынан ауытқып, күнкөріс қамын күйттеп, өзге салаға кетіп жатады. Тіпті кейде бір емес, бірнеше ЖОО бітіргендердің де жағдайы көңіл көншіте бермейді. Ендеше, талапкерлерді оқуға тарту бар да, оқу бітіргеннен кейін еңбек жолына кепіл болу бар емес пе? Осы міндет алға озса екен дейміз. Жарнамасы күшті ЖОО-ларды бітіріп, қолына күректей диплом алған жас ертең жұмыссыздар қатарына қосылса, кеткен қаржы құмға құйған сумен тең емес пе? Мұны болдырмау үшін қандай білім ордасы болса да, өз қамынан бұрын талапкерлердің ертеңгі тағдырын ойласа, оқуға ұмтылған ұрпақтың меселін қайтарып алмау жағын алға оздырса, қазақ баласы тура жолда болар еді. Бәрін нарыққа тіремей, халықтың қам-қарекетіне негіздесек, ұлт та, ұрпақ та ұтылмас еді.
ҰБТ-ның алғашқы сынағынан өтпей қалғандар ақша төлеп, қайтадан емтихан тапсырып, жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсіп жатады. Ол да керек шығар. Бірақ Абай сөзіне бағып, көптен қалмасын деп барын берген ата-ана ертең ұрпағын жұмысқа орналастыра алмаса, қандай күйде қалады? Осы арада кімнің қалтасы қампиып, кімнің қалтасы жұқарды деген ой қай-қайсымызды да мазалайтыны рас. Жасыратыны жоқ, көптеген білім ордалары табалдырығын аттаған жастардың тағдырына селқостық танытады. Оған жарға жығып жатқан жалған дипломдар, сергелдеңге салған сертификаттар дәлел бола алады.
Сол секілді кейбір белді оқу орындары шетелдіктердің басқаруына берілгені белгілі. Олар білім сапасын арттыру үшін бала санын азайтып, оқу ақысын арттыруды ойластырып жатқан көрінеді. Бұл да қажет болар. Дегенмен қымбат оқуға тұрмысы төмен қазақ отбасының оқу грантына қолы жетпеген талантты баласы түсе ала ма? Шетте қалып қоймай ма? Оның үстіне ол білім мекемесінің кезінде бой көтерген кейбір ғимараттары қайда қалады? Бүгін сатып пайдасын көрер, ертең қажеттік туғанда жер сипап қалмай ма? Оған бір дәйек келтірер болсақ, бір кездері ЖОО жатақханаларын жекешелендіріп жіберіп, енді соның орнын толтыру қарекетінде жұмыс істеп жатырмыз.
Қалай десек те, талапкерлерді ЖОО мен колледждерге қабылдау ісінде басты мәселені тез «жойылып» кететін мамандықтарға қарай емес, заман талабына сай үміткерге де, елімізге де пайдалы мамандыққа бұруымыз қажет. Ол атүсті ойластыра салған емес, ғылыми негізде жүйеленген мамандықтар болса екен. Онсыз диплом алған жастар үмітінің ақталуы екіталай.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»